Demonstrators rally against Fox News television personality Bill O'Reilly Drew Angerer/Getty Images

2018 жылы бар ақиқатты ашып айту

ЛОНДОН – Жасырғанды сыртқа шығаратын бұл бір қызықты жыл болды. Соңғы он екі айда жеке тұлғалар, бизнестегі көшбасшылар мен саясаткерлерге қатысты ақпараттың таралып кетуі мен оларға тағылған айыптарға толы болып қана қоймай, сондай-ақ, мұндай заң бұзушылыққа жол бермеуге арналған жүйелердің өзіне де көп сөз тиді.

Өткен айда 2016 жылы 20 жастағы хакердің Убер компаниясының жүйесін бұзып, шамамен 57 миллион адамның, соның ішінде Америка Құрама Штаттарындағы 600 мыңға жуық жүргізушілерге қатысты жеке ақпаратқа қол жеткізгені белгілі болды. Қауіпсіздік сақтау жүйесіндегі кемшіліктің бар екенін мойындаудың орнына, Убер хакерге деректерді жою үшін 100 мың доллар төлеп, зардап шеккендердің және Убер үшін өте маңызды болған компания инвесторларының ештеңе білмей қалады деп үміттенген.

Equifax дерекқорына жасалған хакерлік шабуыл - хакерлердің шамамен 143 миллион АҚШ тұтынушыларының туған күнінен бастап, әлеуметтік жеке номеріне дейін қамтылған жеке ақпаратына қол жеткізген кезі де осындай дәрежеде жасырылмады. Алайда заң бұзушылығының табылып, халыққа жариялаудың арасында алты аптаға жуық уақыт болды, оның барысында үш басқарушы өздерінің акцияларының аз ғана бөлігін сатып үлгерген, бірақ олардың айтуынша, сату кезінде олар дерекқордың бұзылуы туралы білмеген.

https://prosyn.org/KTQEL6akk