Skip to main content

ho2_2_bas_relief_puck_engman Puck Engman

Қытайдың тарихқа қатысты екіжүзді ұстанымы

НЬЮ-ХЕЙВЕН – Қытайда биыл мерейтой көп. Мамырдың 4-і Қытай Халық Республикасы Пекиннің Тяньаньмынь алаңының алдында 1919 жылы болған студенттер басталған “4 мамыр қозғалысының” бір ғасырын атап өтті. Қытай ұлтшылдығының қалыптасуына осы оқиға негіз болған. Сосын, арада бір ай өткен соң, 4 маусымда дәл сол жерде демократияны жақтап шыққан студенттерді күшпен басып тастағанының 30 жылдығы болды. Бұл шешуші датаны, керісінше, Қытайда мойындамайды да, атап өтпейді де.

1919 жылғы демонстрация Тяньаньмынь алаңындағы Халық батырлары монументі арқылы есте қалдырылған. 1989 жылғы көтерілісшілер де ғылым мен демократияның дәл сол идеалдарына сүйеніп, ұлтқа адалдықтарын көрсетті. Бірақ 1989 жылғы қозғалыс Қытайдан тыс жерлерде “Тяньаньмынь қырғыны”, ал елдің өз ішінде “Тяньаньмынь оқиғасы” деген атпен тарихта қалды. Қытайда отыз жыл бұрынғы оқиға туралы айтуға тыйым салынған, билік ол туралы мәліметті Интернеттен алып тастап отырады, елдегі жаңа буыннңы ол оқиғадан хабары жоқ.

Қытай мемлекеті 4 мамырды атап өтіп, 4 маусым оқиғасы туралы жадыны жаныштауға тырысып, үнемі қайшылыққа ұшырап отыр. 1919 жылғы студенттер – интеллектуалды әлеуметтік жауапкершілігі бар адам деп есептейтін бұрыннан бар қытай дәстүріне сай келетін ерекше патриот жандар. Империя уақытындағы идеал ғалымдар биліктегі жемқорлық туралы айтып, реформаны талап етіп, шындықты тура айту арқылы ерекше тәуекелге барды.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

https://prosyn.org/7SdSVYg/kk;

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions