Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

go1_CLAUDIO REYESAFPGetty Images_cptpp Claudio Reyes/AFP/Getty Images

Азиядағы көпжақтылықтың болашағы

СЕУЛ – Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Азия жылдар бойғы соғыс пен ғасырларға созылған отарлықтан бас көтерді. Америка Құрама Штаттары Азиядағы одақтастарымен, соның ішінде Филиппин, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Пәкістанмен арада екіжақты қорғаныс келісімдеріне қол қойып, олармен ерекше сауда және инвекстиция қарым-қатынастарын қалыптастыру арқылы тез арада аймақтық қауіпсіздіктың басты кепіліне айналды. Содан кейінгі кезеңдерде Азия ашық сауда, инвестиция және көпжақты ынтымақтастықтың жемісін көрді, сөйтіп бұл аймақ жетекші сауда хабына айналды.

Бірақ соңғы геостратегиялық және экономикалық өзгерістер 1945 жылдан кейінгі көпжақты тәртіпке күмән келтіруге негіз болып, аймақтағы сенімсіздікке жол ашты. Ең алдымен президент Дональд Трамп басқарған Америка жаһандық сахнадан, әсіресе Азиядан артқа ығысып жатыр. Ең бастысы, Қытай Азиядағы бірнеше елдің аумақтық тұтастығына шек келтіріп қана қоймай, аймақтағы экономикалық тәртіптің либералдық бағытына қол салып жатқанда АҚШ кері шегініп барады.

Бүгінгі белгісіздікті ескерер болсақ, қазір – Азия үкіметтерінің аймақтық бейбітшілік пен гүлденуді басты басымдық ететін кезі. Әрі тығыз көпжақты ынтымақтастық бұл әрекеттің өзегі болуы тиіс.

Иә, Азиядағы басшылар АҚШ-тың іргені аулақ салуынан және Қытайдың төңірегіне топтасқан аймақтық тәртіптен болатын сын-қатерді түсінеді. Десе де, осы мәселелерді шешуге бағытталған, Азияның өз ішіндегі көпжақтылықтылықты қалыптастыру әрекеттері тым бытыраңқы. Күш алу үшін бұл әрекеттер Үндістан, Оңтүстік Корея сияқты бас көтеріп келе жатқан державалармен қоса, Австралия, Жаңа Зеландия және Жапония сияқты дамыған демократиялық елдердің көбірек қатысуын қажет етеді.

Ең бастысы – Азиядағы лидерлер тығыз көпжақты ынтымақтастық негізінен Қытайға қарсы бағытталады деген әсер қалдырудан аулақ болуы тиіс. Мұндай бастамалар Қытайдың аймақтық үстемдікке ұмтылысына қарсы салмақ болғанымен, конфронтациялық әдіс өнімді бола бермейді.

Мәселен, Азия мен әлемнің басқа аймақтарындағы демократиялық үкіметтер Қытайдың аса ауқымды инфрақұрылымдық инвестиция бағдарламасы – “Бір белдеу – бір жол” бастамасының (BRI) бірнеше аспектісіне қобалжиды. Олар әріптес мемлекеттердің мойнына тым көп қарыз ілініп жатқанына, еңбек стандарттарының сақталмайтынына, жергілікті компанияларға қарағанда Қытай инвесторларына көбірек артықшылық берілетініне алаңдайды. Жалпы алғанда, “Бір белдеу – бір жолдың” қаржылық және басқа да игіліктері демократиялық елдер үшін қастерлі саналатын либералдық құндылықтар есебінен келіп жатыр.

Subscribe now
ps subscription image no tote bag no discount

Subscribe now

Subscribe today and get unlimited access to OnPoint, the Big Picture, the PS archive of more than 14,000 commentaries, and our annual magazine, for less than $2 a week.

SUBSCRIBE

Бірақ үкіметтерді BRI жобасына қатыспа деп үгіттеу – дұрыс жол емес. Керісінше, бұл жоба халықаралық нормалар мен принциптерге сай келуі үшін әріптес елдер бастаманы өз ішінен өзгертуге тырысуы керек.

Сонымен бірге, Азия үкіметтері өз елдерінің құндылықтары мен институционалдық ұстанымдарын біріктіріп, демократиялық және ережеге негізделген тәртіпті насихаттау үшін өздерінің ұжымдық күш-қуатын пайдалануы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Азия-Тынық мұхит аймағында көпжақты, еркін сауда келісімін ұсынатын (бұған әу баста АҚШ та кіреді деп жоспарланған) Транс-Тынық мұхит әріпптестігі (TPP) жобасы Қытайдың бас көтеруінің иллиберал аспектілерін бәсеңсітуге күшті балама болар еді. Алайда, Трамп әкімшілігі алғашқы ресми актілерінің бірі ретінде 2017 жылғы қаңтарда АҚШ-ты ТРР жобасынан шығарды.

Бір қуанарлығы, Жапония бастаған ТРР мүшелері Америкасыз-ақ ілгері жылжып, Транс-Тынық мұхиттағы жан-жақты және прогрессив әріптестік деп аталатын жүйе CPTPP) құрды. Бұл жаңа блок аймақтағы басқа да экономикасы ірі елдер – Оңтүстік Корея мен Үндістанды қатарға қосуға ниетті.

Ауқымы кең СРТРР либерал демократияларға аймақтық экономикалық өсім мен әлеуметтік прогресте ашық, есепті әрі тұрақты даму жолын ұсыну арқылы Қытай бастамасына лайықты балама ұсына алар еді. Азия елдері арасындағы бұдан да тығыз ынтымақтастық АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекенің шағын елдерге әсерін азайтуға да көмектестер еді.

Сонымен бірге СРТРР Азия үкіметтерінің еркін сауда мен экономикалық интеграция жолындағы ортақ міндеттемеге деген адалдығын да білдіреді. Оның үстіне АСЕАН + 3 және “Сектораралық техникалық және экономикалық ынтымақтастық бойынша Бенгал алқабы бастамасы” сияқты икемді де шағын институттарды құру арқылы аймақта сауданы либерализациялауға көбірек жол ашылып жатыр. Бұл субаймақтық деңгейде жақсы басқару мен еркін нарықты насихаттауға мүмкіндік береді. Осындай ұйымдардың және Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы сияқты аймақтық ірі одақтардың пайда болуы экономикалық көпжақтылық үлкен дағдарыста тұрған қазіргі кезеңде үміт отын жағады.

АҚШ аймақтан ығысып, Қытай бұл өңірде үстемдік етуге ұмтылып тұрған қазіргі сәтте Азияның демократиялық елдері ортақ мүдделерін бұрынғыдан да батыл қорғауға тиіс. СРТРР арқылы олар жақсы қадам бастады. Дегенмен, Азияда гүлденген көпжақты тәртіпті қалыптастыру бұдан да көп экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттеме алуды қажет етеді.

Бұл мақала Körber-Stiftung мен Көпжақтылықтың болашағы, көпжақтылықтың ең жақсы үлгілері және көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық перспективалары жөніндегі Мюнхен қауіпсіздік конференциясының бірлескен жобасының бір бөлігі. Толық жобаны  www.munich-young-leaders.org сілтемесі арқылы көшіріп алуға болады.

https://prosyn.org/PKOAcZckk;
  1. bildt70_SAUL LOEBAFP via Getty Images_trumpukrainezelensky Saul Loeb/AFP via Getty Images

    Impeachment and the Wider World

    Carl Bildt

    As with the proceedings against former US Presidents Richard Nixon and Bill Clinton, the impeachment inquiry into Donald Trump is ultimately a domestic political issue that will be decided in the US Congress. But, unlike those earlier cases, the Ukraine scandal threatens to jam up the entire machinery of US foreign policy.

    13