Angela Merkel Donald Trump NurPhoto/Getty Images

Еуропалық мәміле жасау өнері

ПРИНСТОН –  2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін, міне, он жылға жуық уақыт өтті, бірақ одан туған текетірес саясат Батыста әлі де орын алуда. Алайда, Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағының арасындағы ұқсастықтарға қарамастан, жақында олардың әлеуметтік, экономикалық және фискалдық мәселелерді шешу жолдарындағы айырмашылықтар айқын көріне бастады.

Президент Дональд Трамптың күтпеген жеңісінен бастап, АҚШ даулы және тиімсіз саясат жүргізу бойынша ЕО-мен бәсекеге түскендей көрінген. Қандай жағдайда болмасын, көптеген әлеуетті ойыншылар болса, олар саяси процестерге радикалды түрде ықпал ете алады. Трамп мұны Конгрес, соттар және мемлекеттік үкіметпен жұмыс істей бастағанда үйреніп жатыр. Еуропадағы, ішкі саяси күштер үнемі конституциялық соттар мен ұлтүстілік органдармен қақтығысып жатады. Ал ЕО-ның 28 (көп ұзамай 27 болатын) мүше мемлекеттерінің бірінде өткізілетін әрбір ұлттық немесе тіпті аймақтық сайлау кезінде еуропалықтар жойқын нәтижелерді үрейлене күтіп отырады.

Осы жағдайды жақсарту үшін, Еуропалық комиссия президенті Жан-Клод Юнкер жақында алға басатын бес ықтимал жолдарды айқындайтын "ақ қағазды" шығарды, онда ешбір өзгеріс жасамаудан бастап, барлық Еуропалық интеграцияны аяқтау үшін жүйелі реформаларды жүзеге асыру тәрізді ойлар көрсетілген. АҚШ та саяси араздық пен ыдырау қаупіне тап  болып отыр.

https://prosyn.org/6LrnZuQkk