kolesnikov9_SefaKaracanAnadoluAgencyGettyImages_protestersholdingrussianflag Sefa Karacan/Anadolu Agency/Getty Images

Ресейліктер неге наразылық білдіріп жатыр?

МӘСКЕУ – Ресейдің бұрынғы Қаржы министрі, қазір Есеп палатасының төрағасы “өмір стандарттарының төмендеуі мен жаппай кедейлік кесірінен елде жаппай наразылықтың өршу қаупі төніп тұр деп ескертті. Ол қателеседі.

Кудрин Ресей президенті Владимир Путиннің иллиберал жүйесіндегі либерал технократ кадрлардың пионері саналады, сондықтан либерализмді жөн көретін бақылаушылар үшін оның сөзінің ерекше салмағы бар. Алайда, Ресейдегі қазіргі әлеуметтік толқуды бағалағанда Кудрин экономикалық құлазуды бұдан әлдеқайда фундаменталды нәрсе – қадір-қасиет үшін күреспен шатастырып отырған тәрізді.

Әрине, Ресейдің үлкен экономикалық проблемалары бар екені рас. Ресей Қырымды Украинадан заңсыз тартып алу туралы тым қымбатқа түскен шешім қабылдаған 2014 жылдан бері ел тұрғындарының шынайы табыстары тұрақты түрде төмендеп келеді. Кудриннің айтып отырғаны да – осы. Сондықтан, жеке адамдардың тұтыну көлемі де нашарлағаны таңқалдырмайды. Былтыр үкімет зейнет жасын бес жасқа көтеруді және басқа да радикалды реформаларды қолға алғанда халық наразылығының күшті болғаны сондай, Путин бұл саясатты дүйім жұрт алдында ақтап алуға, тіпті кей жерде шегініс жасауға мәжбүр болды.

https://prosyn.org/XhMQRYNkk