aslund56_DaveTschorn_putinusualsuspects Dave Tschorn

Путиннің әдеттегі күдіктілері

СТОКГОЛЬМ – Ресей президенті Владимир Путин өткен айда үкімет пен конституциялық құрылымды қайта жаңарту туралы бастаманы қолға алды, қалай болған күннің өзінде де ол 2024 жылғы президент сайлауынан кейін де биліктен кетпек емес. Сонымен қатар,  мемлекеттік инвестицияны ұлғайту экономика дамуына алып келеді деген идеяға сүйеніп экономикалық саясатқа өзгеріс енгізді. Әйтсе де, Путиннің бұл ойы жүзеге аспайды, сірә.

Дәстүрлі түрде Ресей премьер-министрі мен оның бірінші орынбасары елдегі экономика саясатына жауапты. Жаңа қызметтік тағайындаулар бойынша, Путиннің сенімді дублері Дмитрий Медведевтің орнын премьер-министр ретінде бұған дейін ұзақ уақыт салық қызметін басқарып келген Михаил Мишустин алмастырды. Президенттің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі Андрей Белоусов бірінші вице-премьердің орнына тағайындалды; ал Антон Силуанов Қаржы министрі қызметінде қалды. (Путиннің экономикалық мәселелер жөніндегі жаңа көмекшісі болып бұрынғы Экономикалық даму министрі, технократияның жас жұлдызы әрі Белоусовпен көзқарасы бір Максим Орешкин тағайындалды.)

Путиннің көмекшісі ретінде жеті жыл қызметтен кейін Белоусовтың ойлау жүйесінде бастығының көзқарасы көрініс тапты. Марксистік бағыттағы атақты экономистің ұлы Белоусов ашық мемлекетшіл және өзін кейнсиандық деп есептейді, яғни мемлекеттік шығында арттыру идеясын қолдайды. 2018 жылы «қайта сайланған» соң Путин Белоусовпен бірлесіп өмір сүру деңгейін жоғарылату мен инфрақұрылым инвестициясын ұлғайтуға негізделген13 ұлттық жобаға бет бұрды.

https://prosyn.org/JEctG1skk