Hofer Supporters Austria Jan Hetfleisch/Stringer

Жаһанды жайлаған популистік саясат

ПРИНСТОН – Экономикасы дамыған елдерде популизм кең тарап, саяси истеблишмент кері шегіне бастады. Жүйені шайқаймын, не тіпті құлатамын деп уәде берген сырттың адамдары саясатта ірі жеңіске жетіп жатыр. Популистердің жаулары – ұлттық құндылықтарды сатып кеткен «ғаламдық элитаның» мүшелері, және олардың АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп «глобализм» деп атаған бұл үдеріске  қарсы күресі әлемдік құбылысқа айналатын тәрізді, әрі ол интернационализмнің өз брендіне тәуелді болмақ.

«Қаржылық зақымдау» - қаржы саласындағы белгілі процесс. Тіпті араларында қаржылық байланыс болмаса да, бір жерде болған дүмпу басқа жерлерде де сілкініс туғызады, себебі үлгіге сүйенетін нарық қатысушылары негізгі күштерді тез анықтайды.

Қазіргі популистік бүліктің динамикасы да соған ұқсас. Трамп күні бұрын «менің жеңісім Брекзиттің көкесі болады» деп уәде берді. Шындығында, ол жеңгенде голландтар мен француздардың әсіре оңшыл саяси күштері мұны алдағы үлкен өзгерістің басы деп қабылдады. Италиядағы конституцияға байланысты референдумда да «жоқ» деп дауыс беруге үгіттегендер осы көзқарасты ұстанды, ал премьер-министр Маттео Ренци өзінің саясаттағы болашағын осы референдуммен байланыстырады.

https://prosyn.org/u2On5KJkk