ghosh14_GettyImages_emptywhiteboard Getty Images

Біздің азайып бара жатқан Экономикалық құралдар

НЬЮ-ДЕЛИ – Шынайы  әлемде адамдар біз әзірлеген құралдардың, технологиялардың және институттардың күрделілігімен ерекшеленеді. Антрополог Джозеф Генрихтың айтуынша, бұл біздің ұрпақтан-ұрпаққа мәдени ақпаратты жинақтау, бөлісу және бейімдеу қабілеттілігіміздің жетістігі болып табылады. Бірақ дәл сол сияқты өзара байланыс біздің "ұжымдық ойлауымызды" уақыт өте келе кеңейтетін болса, ал оқшаулану оны тарылтуы мүмкін. Экономистер мұны назарға алуы тиіс.

Инновациялар мен жинақтау әлеуметтік-мәдени үдерістер болып табылатындықтан, халықтың неғұрлым ірі және өзара байланысты топтары неғұрлым күрделі құралдар жасайды. Генрихтың айтуынша, біздің ұжымдық ойлаудың ұрпақтар арасындағы кеңінен таралуына олар жасайтын "әлеуметтік нормалардың, институттар мен психологиялардың" адамдарды еркін "жаңа идеяларды,  сенімдерді, бағалы идеялар мен тәжірибелерді  ойлап табуға, бөлісуге және қайта жинақтауға" ынталандыру қабілетіне байланысты.

Оқшаулау бұл процесті қалай бұза алатынан және тіпті кері айналдыра алатынын  көру үшін Тасманияны қарастырайық, ол шамамен 12 000 жыл бұрын материктік Австралиядан бөлінген болатын. Археологиялық олжалар бұл бөлініске дейін Тасманиялық және материктік халық бірдей дағдыға ие болғанын көрсетеді – от жағу әдісі және бумеранг, найза-атқыш және жонылған тас және сүйек құралдарын секілді технологияларды қоса алғанда.

https://prosyn.org/wCq56Inkk