Bitcoin Vyacheslav Prokofyev/Getty Images

Монетарлық қақпа алдындағы варварлар

ГОНКОНГ – Қаржы нарықтары бүгінгі күні өркендеп келеді. Dow Jones Industrial Average өндіріс индексі, S&P 500, және Nasdaq композиттік индексі көрсеткіштері соңғы уақытта рекордтық шегіне жетті, сонымен қатар барлық инвесторлар жаппай орын алған белгісіздік жағдайында тұрақтылық іздегендіктен, дамып келе жатқан елдердегі қаржы нарықтары да мықты нәтиже көрсетуде. Бірақ, бұл жетістіктер негізгі нарық көрсеткіштеріне негізделмегендіктен, олар тұрақсыз және қосарлас қаупі де жоғары.

Мұхаммед Эль-Эрианның пікірінше, 2007 жылғы қаржы дағдарысынан ұғынбаған сабақ - қазіргі экономикалық өсім модельдерінің «жеке қаржы институттары, содан кейін орталық банктерден алынатын несиелер мен өтімділікке тым тәуелді» болуында. Шынымен де, бүгінгі күні қаржы нарықтарының табыстылығының басты алға итеруші күші орталық банктердің әлі де өтімділікті қамтамасыз етуді жалғастырады деп күтілуінде болып тұр.

Шілдеде АҚШ-тың федералды резев жүйесі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдыру туралы шешімін хабарлаған кезде, Dow Jones Industrial Average индекс көрсеткіші күндізгі және жабылу кезінде рекордқа жетіп, Nasdaq де жоғары деңгейге жетті. Енді, қаржы нарықтары жыл сайынғы Джексон-Хоул, Вайоминг штатында орын алатын әлемдегі ірі орталық банктер өкілдерінің кездесуінен сигналдарды күтуде.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/XVgV44t/kk;

Handpicked to read next