saikal3_ AntonioMasielloGettyImages_soldiersinaircraftinafghanistan Antonio Masiello/Getty Images

Ауғанстанның «бас аурулары»

КАНБЕРРА – 2018 жылдың қаңтарында Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Американдық қолдаусыз оның үкіметі мен Ауған ұлттық әскері (АҰӘ) ұзақ уақыт күреске шыдай алмайтынын ашық мойындады. Бүгінгі жағдай әлі де болса: үкімет дүрбелең үстінде, ал АҰӘ талибан бастаған дүмпулерге әрең төтеп беруде.

АҚШ президенті Дональд Трамп, жеңіске жету мүмкін болмаған бұл соғыстан, мүмкіндігінше саяси шешімдер арқылы Американы арашалап алғысы келеді. Ал өз кезегінде Талибан мен олардың жақтастары Ауғанстан үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының ілмектен оңай шығып кетуіне ешқандай негіз көріп тұрған жоқ. Ауғанстандағы шиеленіскен мүдделер қақтығысын ескере отырып, жекелеген АҚШ пен Ресейдің тұрақты шешімдерге қол жеткізу жөніндегі талпынысы сәтті болмауы мүмкін.

Ауғанстандағы бірінші кезекті проблема әскери тұрғыдан емес. АҰӘ -нің ауыр шығындарына (2014 жылдың ортасынан бастап 45 мыңнан астам қызметкер) және елдегі белең алған қауіптерге қарамастан, әскер Талибанға кез-келген ірі қаланы тұрақты негізде басып алуға кедергі келтіре алды. Осы орайда, АҚШ-тың одақтас ретінде операциялық көмек көрсетуімен қатар, жыл сайын АҰӘ-не шамамен 4 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруы өте маңызды екені байқалды.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/SxCD0Hykk