roach111_westend61_getty images_shipping trade Westend61/Getty Images

Қауіпсіздік құралы жоқ әлем экономикасы

НЬЮ-ХЕЙВЕН – 2019 жылдың толық статистикасы белгілі болғаннан соң әлем экономикасы осы жылы қандай қауіптен құтылғанын түсіне бастадық. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес өткен жылы әлемдік ЖІӨ тек 2,9%-ға жоғарылаған. Бұл әлем экономикасы қаржы дағдарысына ұшыраған 2009 жылдан бері ең төмен көрсеткіш саналады және 2010-2018 жылдардағы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі 3,8%-дық көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

Бір қарағанда әлемдік ЖІӨ өсу қарқынының 2,9% болуы аса төмен көрсеткіш деуге келмейді. Алайда соңғы қырық жылдың деректері басқа қорытындыға саяды. 1980 жылдан бастап әлемдік ЖІӨ өсу қарқыны орта есеппен 3,5%-ды құрайды. Кез келген     экономиканың, оның ішінде әлем экономикасының да өсу негізін анықтау трендтен бас тарту, дәлірек айтсақ ЖІӨ айырмашылығын анықтайтын прокси көрсеткішке тікелей байланысты. Өткен жылғы трендтен қалудың (0,6%) салдарын көпшілігі жаһандық рецессия симптомы санайтын 2,5%-дық көрсеткішке алып келді.

Айқын рецессия кезінде жеке мемлекеттердің экономикасы құлдырауға ұшырайды, бірақ әлем экономикасы үшін мұндай құбылыс жат. ХВҚ әлем экономикасы туралы кеңейтілген базасында 194 елдің дерегі қамтылған. Сол мәліметтер арқылы жаһандық рецессия кезінде дүниежүзіндегі мемлекеттердің тең жартысына жуығында экономика құлдырайды, ал қалған елдерде бірқалыпты дамып жатады. Он жыл бұрынғы жаһандық рецессияның соңы өзгеше болды: 2009 жылдың басында әлем елдерінің 1/3-де экономика құлдырап, салдарынан әлемдік ЖІӨ қысқарды.  Бұл 1930 жылдан бері әлем экономикасында алғаш рет орын алған құбылыс еді.

https://prosyn.org/WMYxTuJkk