op_navalny1_MAXIM ZMEYEVAFP via Getty Images_alexei navalny Maxim Zmeyev/AFP via Getty Images

Insider Interview

Новичок

БЕРЛИН/MӘСКЕУ – Ресей оппозициясының көшбасшысы Алексей Навальный Мәскеудегі жемқорлыққа қарсы күрес қорын басқарады. Тамызда оны ауыр сырқатынан емдеу үшін Сібірден Берлинге жеткізді. Дәрігерлер мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым өкілдері Навальныйдың сырқатын жүйке жүйесін жансыздандыратын Новичок уымен байланыстырды. Жақында ғана аурудан беті бері қарап, аяққа тұрған Алексей Навальный Ресейде тәуелсіз хабар таратушы Дождь ТВ телеарнасының бас редакторы Тихон Дзядкоға сұхбат берді.

Батыстың реакциясы

Тихон Дзядко: Жақында Еуропа одағы сіздің тамыздағы улануыңызға байланысты Ресейдің алты азаматы мен бір заңды тұлғасына санкция салуды қолдап, дауыс берді. Санкцияға ілінгендердің қатарында президент әкімшілігі мен арнаулы қызмет өкілдері, Новичок дайындауға жауапты деп танылған институттар бар. Бұл санкциялардың тиімділігі болады деп ойлайсыз ба?

Алексей Навальный: Мені Ресейде болып жатқан оқиғалар көбірек қызықтырады; Еуропаның реакциясы – екінші кезектегі мәселе. Көп елдегі наразылықтың маған қатысы жоғын түсінемін. Оларды химиялық қару қолданылғаны алаңдатып отыр. Химиялық қаруды ешкім ұнатпайды. Ресейде зерттеу жүргізілгенін қалаймын. Тым құрығанда, зерттеу жүргізілгендей кейіп танытсын. Өйткені қазір болып жатқан оқиғалар біздің елде әділдікке қол жеткізуге мүмкіндік жоғын көрсетеді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/C8RfBqekk