Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

pei57_Lintao ZhangGetty Images_xijinpingsadgrump Lintao Zhang/Getty Images

Си Цзиньпиннің сәтсіз жылы

КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – Қытай көшбасшысы жолы болғыштық қасиетінен мүлдем айырылып қалған сыңайлы. АҚШ-пен арадағы сауда соғысынан бастап, Гонкогтағы дағдарыс және ондағы адам құқығы мәселесінің халықаралық сынға ұшырауы президент Си Цзиньпин үшін 2019 жылды сәтсіз етті. Келер жыл да бұдан өткен жайтқа толы болуы әбден мүмкін.

Қытай өткен мамырда АҚШ-пен сауда тартысына нүкте қойғанда, әлсіреп тұрған экономикасына айтарлықтай серпіліс жасайтын мүмкіндігі бар еді. Дегенмен америкалық келіссөз жүргізушілер шешілді деп таныған бірқатар мәселелерді Қытай билігі соңғы минутта жоққа шығарды. Арадағы сауда шиеленісінен үлкен шығын көрген  президент Дональд Трамп ашуға бой алдырып, есесін қайтарды.

Ол жаңа тарифтерді енгізумен қатар Қытайдың өмірге қажеттітехнологияға қолжетімділігін шектей бастады. Екі аптаның ішінде сауда келісімі өз күшін жойып, Трамп америкалық компаниялардың АҚШ әкімшілігінің пікірінше ұлттық қауіпсіздікке зиянын келтіруі мүмкін болатын өндірушілердің телекоммуникациялық құралдарын қолдануға тыйым салатын үкімет жарлығына қол қойды. Тізім басында тұрған Қытайдың технологиялық алпауыт компаниясы Huawei-ге Трамп бірнеше ай бойы санкция салуға тырысып баққан-ды.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

https://prosyn.org/y2jz4JGkk;

Edit Newsletter Preferences