chellaney111_PETER PARKSAFPGetty Images_china uighurs Peter Parks/AFP/Getty Images

Қытайдағы ГУЛАГ-қа қатысты әлемнің үнсіздігі

НЬЮ-ДЕЛИ – Екі жылдан астам уақыт бойы Қытай ислам дінін ұстанатын азшылық өкілдеріне бұрын-соңды болмаған репрессия науқанын жүргізіп келеді. Кей тұстарда Шыңжан аймағындағы ересек мұсылмандардың шамамен алтыдан бір бөлігі түрмеге қамалған. Алайда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жақында жазған Қытайды “репрессияны тоқтатуға” шақырған туитін қоспағанда, халықаралық қауымдастық көбіне бұған үнсіз қарап келеді.

Жаппай қамау әдісіне жүгіну арқылы Қытай коммунистік партиясы Кеңес одағының үлгісін ұстанса керек. Дегенмен, Қытайдың концентрациялық лагерлері кеңестікіне қарағанда әлдеқайда үлкен әрі технологиялық жағынан ілгері дамыған, оның үстіне олардың мақсаты – тек саяси диссиденттерді емес, бүкіл бір діни қауымдастықты өз дегеніне көндіру.

Тәуелсіз зерттеушілер мен адам құқықтарын қорғау топтары мұсылмандарға алкоголь ішімдігін күштеп ішкізіп, доңыз етін жегізу фактілері болғанын айтып, дабыл қаққанымен, Қытай басшылығы Исламға шабуылын жалғастырып келеді әрі оларға еш тоқтау жоқ. Қытайдың қауіпсіздік күштері ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарды шалғайдағы Түркияға дейін аңдып жүргеніне қарамастан, Қытай басшылары мен бұл жазалауға қатысы бар мекемелер халықаралық санкцияға да ілінген жоқ, мұның ешқандай залалын да тартпады.

https://prosyn.org/5DJow4Kkk