Protesters holds placards during a rally against corruption and to pay tribute to murdered Slovak journalist Jan Kuciak JOE KLAMAR/AFP/Getty Images

Сөз бостандығының жеңістері

АККРА – әр жыл сайын “Жаһандық баспасөз бостандығы күні” – 3 мамырда ақпаратты өндірушілер мен тұтынушылар бір сәт әлемдік БАҚ-тың қазіргі жай-күйіне ой жүгіртеді. Биыл журналистер мен үкімет өкілдері бұл оқиғаның 25 жылдығын атап өту үшін Ганаға жиналып, бүкіл әлемде бұл мамандықтың басындағы сын-қатерді, журналистер кездесіп жатқан қиындықтарды талқылайды, үкіметтердің баспасөзге тікелей және жанама түрдегі қысымы демократияға қалай қауіп төндіретінін айтады.

Бұл уайымның барлығы орынды, әрине, бірақ бұл – толық картина емес. Журналистер де қайратына мініп келеді. Сондықтан, әлем журналистері кездесіп жатқан кедергілерді сөз етудің орнына 3 мамыр мерекесін оптимизмге бастайтын ойлармен атап өтсек деймін.

Біріншіден, ешбір медианарық баспасөз бостандығына төнген қауіптен сақтандырылмаған, қауіп болған күннің өзінде қарсы тұруға болады. Еуропада жақында болған оқиғалар осыны дәлелдейді. Словакияда айғақтамашы журналист Ян Кучак пен оның қалыңдығы Мартина Кушнированың саяси себептермен өлтірілуі халықтың ашу-ызасын туғызғаны сондай, премьер-министр Роберт Фицо қызметінен кетуге мәжбүр болды, ал оның орнына келген Питер Пеллегрини қоғамдық пікірге қарай аңдап басып келеді.

https://prosyn.org/FpMbbUikk