rogoff182_GettyImages_pollutedearthillustration Getty Images

Дүниежүзілік көміртегі банкін ашатын кез келді

КЕМБРИДЖ – Климаттың өзгеріп жатқанын жоққа шығарушылар, соның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп біраз келемеж қылса да, Александриа Окасио-Кортездің “Жаңа жасыл келісім” бастамасы АҚШ-ты ғаламдық жылынумен күресте басқаларға үлгі болуға шақырып, діттеген жерге дөп тиген. Бірақ ащы шындық сол, қоқысты оңды-солды тастап жатқан қомағай Америка мәдениеті үшін дамушы Азия – әлемдегі көміртегін таратудың ең басты көзі болып отыр. Ешқандай күш көрсету мәселені шеше алмайды. Мұны шешудің бір жолы – Қытай, Вьетнам, Индонезия және Бангладеш сияқты елдермен дұрыс түсіністік табу.

Климат мәселелерінде тәжірибесі аз, өз аймақтарының әр жаққа тартуы кесірінен түрлі бағытта жұмыс істеп жатқан көпжақты жәрдем институттарының аясында бұл шаруаны жүзеге асыру мүмкін емес сияқты. Мәселен, жақында Дүниежүзілік банк энергетика сарапшыларының көңілін қалдырып, қазба отын негізінде, соның ішінде табиғи газбен жұмыс істейтін барлық жаңа зауыттарды қаржыландыруды тоқтату туралы қыңырлау шешім қабылдады. Дегенмен, Трамптың қанша қарсыласқанына қарамастан, АҚШ тым лас көмір зауыттарын біршама таза табиғи газбен алмастыру арқылы соңғы он жылда ауаға таралатын лас қалдықтардың көлемін көп азайтты, және бұл климатқа қатерді азайтуға бағытталған әйгілі “Принстон шешімі” прагматикалық вариантының басты элементі. Көмірқышқыл газынан ада болашақ жолында керемет нәрсе жақсы нәрсенің жауы бола алмайды.

Қазір дамыған экономикалар үйлестірілген көмек пен техникалық трансферді ұйымдастыра алуы үшін Дүниежүзілік көміртегі банкін ашатын кез келді. Бұл ұйым тек осы мәселемен айналысуы керек және дамудың басқа пробемаларымен қосымша айналыспауы тиіс. Иә, АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің тіпті бар халықаралық институтттардың өзін қаржыландыруға құлықсыз екенін жақсы түсінеміз. Бірақ, Батыс өзара матасқан климаттық міндеттемелерден кері шегіне алмайды.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

https://prosyn.org/5F5IUXHkk