An Indian woman picks out lemons left discarded as rotten on the edge of a vegetable market SHAMMI MEHRA/AFP/Getty Images

Дүниежүзілік банк бұрынғы миссиясын еске түсіруі керек

НЬЮ-ЙОРК – Дүниежүзілік банк «басты миссиямыз - бір буын ауысқанша тақыр кедейлікті жеңіп, адамзатты ортақ игілікке бөлеу» дейді. Бұл міндеттер «Тұрақты даму мақсаттары» ретінде жалпыға ортақ негізде қабылданған. Алайда, Дүниежүзілік банктің Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес стратегиясы жоқ, қазір олар Вашингтондағы саяси қожайындарын жарылқау үшін Уолл-Стритке бет бұрып отыр. Банк президенті Джим Юн Ким дұрыс жолды таңдауы керек, бұл үшін ол өміріндегі ірі жетістіктерінің бірін есіне түсіруі керек.

Ким екеуміз 2000-2005 жылдар аралығында әлемнің СПИД эпидемиясымен күресінің ауқымын кеңейту жолында бірлесе жұмыс істедік. Ким мен оның әріптесі, Гарвард университетінің ғалымы Пол Фармер басқаратын Health үкіметтік емес ұйымы Гаитидегі ВИЧ жұқтырған мыңға тарта кедей кісіні антиретровирустық (ARV) дәрі-дәрмекпен емдеп, олардың денсаулығын жақсартып, өмірге деген үмітін оятқан.

Ким мен Фармерге осыдан 18 жыл бұрын «Гаитидегі бұл шараның ауқымын кеңейтіп, аз ақшамен миллиондаған адамды қамти аласыздар, сол арқылы әлеуметтік тұрғыдан көп жетістікке жетесіздер» деген едім. СПИД-пен күрестің жаңа, көпжақты қаржыландыру механизмін ұсындым, АҚШ та қаржыландырудың жаңа әдісін қолдауға құлшыныс білдірді.

https://prosyn.org/dvOJYFAkk