mobile banking india digital id NOAH SEELAM/AFP/Getty Images

Цифрлық жеке куәлік мәселесі

МУМБАЙ/ САН-ФРАНЦИСКО – Дүниежүзінде төрт миллиардтан астам адам Интернетке қосылған, олар Интернетке жалғанған құрылғылар мен қызметтерге күніне шамамен алты сағатын жұмсайды. Тайланд пен Филиппин халқы Интернетті күніне орта есеппен 9,5 сағат пайдаланады, ал АҚШ-та тұрғындардың 26 пайызы “үнемі дерлік” онлайнда отырады, 2022 жылға қарай тағы бір миллиард адам Интернет қолданушылардың қатарына қосылады деген болжам бар. Жаңа цифрлық әлемге аяқ басып жатқанда оны қауіпсіз, тиімді етіп, өз ыңғайымызға қарай қолданудың маңызы артып келеді. Кей елдерде мұның бір жақсы шешімі табылған сияқты. Ол – цифрлық идентификация.

Физикалық идентификацияның электрондық баламасы “цифрлық ID-дың” маңызы өте зор. Біріншіден, Интернет қолданушылардың көбі цифрлық әлемде салған “іздерін” бақылауға, онлайн аккаунттарын тіркеп, сәйкестендіріп, басқаруға құлықсыз. Әр электрондық пошта мекенжайына орта есеппен 90 онлайн акканут жалғанған және бұл көрсеткіш әр бес жыл сайын екі есе өсіп келеді. Сондықтан, қолданушылардың 25 пайызы күніне бір рет бір құпиясөзді ұмытып қалатыны, банктерге шалынған қоңыраулардың үштен бірі шатастырылған не ұмытылған құпиясөздерді қалпына келтіру туралы өтініш болатыны таңқалдырмайды.

Мұқият жасалған цифрлық жеке куәлік (ID) тұтынушылардың көбін қобалжытатын мәліметті ұрлаудан қорғауға көмектесе алады. Мәселен, тек соңғы екі айдың ішінде ғана Marriott пен Quora мәліметтерді ұрлау оқиғасының болғанын хабарлады, әлдекімдер жүздеген миллион клиенттің жеке мәліметтеріне қол жеткізген. Хакерлік шабуылдардың ауқымы кеңейіп, деңгейі өсіп жатқандықтан, қауіпсіздікті күшейту қажет екендігі айқын.

https://prosyn.org/p6XKGjWkk