james171_Victor J. BlueGetty Images_NYCcoronavirus Victor J. Blue/Getty Images

Үлкен қалаларды не күтіп тұр?

ПРИНСТОН – COVID-19 мегаполистердің түбіне жетті деуге бола ма? Пандемия 2020 жылға дейін ғаламдық экономиканың орталығы болған қалаларды эпидемияның ошағына айналдырып, олардың болашағын беймәлім күйде қалдырып, жаһандану формасын өзгертіп жатқаны сөзсіз. Сондай-ақ дағдарыс мегаполистердің қордаланып қалған мәселелерін ашып көрсетіп, қалаларда бұрыннан жүріп жатқан процестерді жылдамдатып отыр.

Осы ғасырдың басында Лондон, Нью-Йорк және Гонконг сияқты қалалар ақша, адамдар мен идеялардың ғаламдық ағыны тоғысқан орталыққа айналды. Олар қаржы орталығы ғана емес, мәдени метрополия, банкирлердің байлығы мен қамқорлығына тәуелді шығармашылық ордасы атанды. Мұнда өзін және әлемді өзгерткісі келген кәсіпкерлер мен новаторлар жиналды.

Бірақ мегаполистерге әртүрлі дағдылары бар қаншама басқа қызметкер де керек. Осыдан үлкен қалаларға сәттілік қуып, балалары үшін жаңа мүмкіндіктер іздеген мигранттар да ағылды. Олардың көбі креативті элита өкілдерінің қатарына қосылуды армандады. Көп ұзамай гүлденген ғаламдық қалалар темір балқытатын үлкен пешке айналды.

https://prosyn.org/0AIh8Likk