moyo11_Marc-Piscotty_Getty-Images_voting-polls Marc Piscotty/Getty Images

Дауыс беру технологияларының күңгірт жағы

НЬЮ-ЙОРК – Америка Құрама Штаттарында, өткен жылдың қараша айындағы президент сайлауы алдында жүргізілген, жарияланбаған «ас үстелі сауалнамасы» бойынша, негізі латынамерикалық болған Американың ең ірі кәсіподақ мүшелерінің шамамен 95%-ы республикашыл Дональд Трампқа қарағанда, Демократиялық партиядан болған үміткер Хиллари Клинтонды қолдаған. Дегенмен, бұл кәсіподақ мүшелерінің тек 3%-ы ғана нақты дауыс бермек болған. Бар себебі экономикаға келіп тіреледі.

Сауалнамада қатыстқан адамдардың көпшілігі үшін, дауыс беруге кеткен шығындар - жұмыстан сұранып кеткені үшін төленбейтін жалақы, сайлау учаскелеріне көлікпен жету және жүргізуші куәлігі немесе паспорт сияқты тиісті құжаттың болуы - тым жоғары болды. Бұл жағдай АҚШ-тағы кеңірек үрдісті көрсетеді: кедей американдықтар елінің демократиялық шараларында жиі толық қатыса алмай жатады.

Ал АҚШ-тың халық санағы жөніндегі бюросы бойынша, 2012 жылғы президенттік сайлауға жылына табатын табысы  20,000 доллардан кем отбасылардағы ересектер санының жартысы ғана, ал табысы $ 75,000 астам үй шаруашылықтарының  77%-ы  қатысты. Demos талдау орталығы 2014 жылғы аралық сайлауда, табатын табысы жылына $ 30,000 кем болған отбасылардағы адамдардың 68,5%-ы дауыс берген жоқ деп хабарлайды.

https://prosyn.org/owwH8yGkk