5

Санкциялар мен доллар үшін тәуекел

КЕМБРИДЖ – АҚШ өзіне шетелдік державалардың немесе олардың сенiмді өкілдерінің кибер шабуылдарына қалай жауап бере алады? Бұл Президент Барак Обама АҚШ-тың соңғы сайлау циклі кезінде ресейлік хакерлердің бұзу істері туралы есептемеге тап болғаны жайындағы мәселе. Бірақ ол Ресей немесе Обама туралы ғана емес. Сайланған Президент Дональд Трамп та дәл сондай мәселеге тап болады. Және оның да керемет таңдауы болмайды.

«Атау мен ұялту» нәтижесіз шешім, себебі көп жағдайда хакерлер шын мәнінде ұялмайды. Сол сияқты, қылмыстық іс айыптау - бұрын қытай хакерлеріне қарсы қолданылған шара - соттың талқылауына ешкімді келтіре алмайды. АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Ресей компьютерлік желілеріне қарсы шабуылды ұсынды, бірақ бұл моральдық негізден қарағанда жоғарырақ позициядан айрылып,  шиеленістің артуына да түрткі болуы мүмкін.

Chicago Pollution

Climate Change in the Trumpocene Age

Bo Lidegaard argues that the US president-elect’s ability to derail global progress toward a green economy is more limited than many believe.

Экономикалық санкциялар шетелдік бұзуларды айыптаудың ең қарапайым және арзан тәсілі сияқты көрінуі мүмкін; Ресейге байланысты жағдайда, оның ірі банктері мен Ресей президенті Владимир Путиннің серіктестеріне қарсы қолданыстағы санкцияларды күшейтуге болар еді. Бірақ тым жиі санкцияларға жүгінудің, сайып келгенде, дүниежүзілік экономикадағы АҚШ рөлін төмендететін алыс-жетіп салдары болуы мүмкін.

Әлемдік қорлардың үштен екісі долларлық, және әлемдік барлық валюталық операциялардың 88%-ы долларды қамтиды. Сондықтан, Американың ең қуатты санкциялық құралы қылмыстық немесе алаяқтықпен айналысушы банкке АҚШ долларлық трансакцияларды жүргізуге блок қою болып табылады. Бірақ АҚШ әр кез біржақты тәртіпте басқа елге қарсы санкцияларды қатайтқан сайын, ол сондай-ақ болашақ санкциялардың әсерін азайтып, әлемдегі негізгі резервтік валюта ретінде доллардың мәребесіне де нұқсан келтіретін тәуекелдерді тудырады.

Әрине, АҚШ доллармен трансакцияларды жүргізуге блок қою арқылы террористік ұйымдар мен есірткі басшыларына қарсы ауыр соққы жасай алады, және заңды банктердің менеджерлерінің долларды қолдануды жоғалту деген ойдың өзінен беттерінен қан қашары сөзсіз. Бірақ, санкциялар белгілі бір елге мақсатты түрде арналса, олардың нәтижелілігі басқа елдердің қатысуына байланысты болады және о��ы қамтамасыз ету құны саяси капиталга тіреледі.

Мысалы, АҚШ-тың санкциялары соңында Иранды ядролық келіссөздер үстеліне әкелді; бірақ санкциялар, сайып келгенде, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қолдауымен кең халықаралық коалицияның Иранды қаржылай оқшаулауы арқасында нәтижелі болды. 2014 жылы орын алған Ресейдің Қырымға басқындығы салдарынан енгізілген Ресейге қарсы АҚШ санкциялары кездейсоқ мұнай бағасының төмендеуімен күшейтіледі, және  Ресейдің ең ірі сауда әріптесі -Еуропалық Одақтың ұқсас іс-шаралар қолданғанының да арқасында орын алды. ЕО қатысуынсыз АҚШ санкциялардың нәтижесі  мен әсері әлдеқайда төмен болар еді.

Халықаралық одақтар АҚШ-ты санкциялар бойынша қолдаса да, олар осыл және уақытша болып табылады. Иран мәмілесіне қол жеткізілгеніне тек бір жыл өтсе де, қазірдің өзінде Қытай немесе Ресейдің Иранға қарсы одан әрі бірлескен іске қосылуларын елестету қиын, тіпті келісім өз күшін жоғалта бастаса да. Сол сияқты, еуропалық көшбасшылар әр алты ай сайын Ресейге қарсы санкцияларын жаңартып отырулары керек, бұл олардың Кремль саясатын өзгертуге жеткілікті ұзақ уақыт орын алатындарының екіталай екенін білдіреді.

Путин мен Трамптың айқын өзара түсінушіліктеріне қарамастан, АҚШ-тың санкциялары әлдеқайда ұзақ мерзімді болады. Обама бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейдің кіруін белсенді қолдаса да,  ол қалыпты сауда шарты ретінде Кеңес Одағынан еркін еврей көшуін қорғаған 1974 Джексон-Вэник түзетпесінің күшін жоюдың өзіне айтарлықтай саяси капиталды жұмсауы керек болды. Қазіргі кезеңде, басқа дипломатиялық «қайта жүктеу» өте қиын немесе мүмкін еместей.

Санкциялар коалицияларын құрудан бұрын, АҚШ әлемдік қаржы жүйесіндегі тең емес ықпалын шын мәнінде жаһандық мүдделерді ілгерілетуге пайдаланып жатқанына кепіл болуы керек. Тек бірнеше адам ғана, кейбір нақты жағдайлар туралы келіспеушіліктер бар болса да, қылмыскерлерді және лаңкестерді жазалау заңсыз деп ойламайды. Қаржы санкцияларын ядролық қаруды таратпау сияқты барша келіскен әлемдік шараларды қолдау немесе шекаралық егемендік сияқты бірлесе қолдаған принциптерді қорғауға қолдану әрқашан нәтижелі бола бермесе де, олар кеңінен қабылданған тактика болып табылады.

Бірақ әлемдік қағидаттары мен негізгі ұлттық мүдделердің арасындағы айырмашылық жиі тек оларға “қараушының көзінде” болады: АҚШ масқара деп қарастырған мәселе басқа елдерге  тар американдық мүдде ретінде көрінуі мүмкін.

Мысалы, Обама өткен жылы Sony Pictures-ке қарсы кибер шабуылдарға жауап ретінде Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар қолданғанда, келіспеушілік, қарсы көзқарастар аз болды. Бірақ АҚШ Судан, Иран және Кубаға қарсы санкцияларды бұзғаны үшін, 2014 жылы BNP Paribas француз банкісіне белгілі бір доллар операцияларын тоқтатып, $8,9 млрд айыппұл салғанда, Американың өкілеттікті асыра қолдануы туралы көп әңгіме болды.

Сол сияқты, американдық демократиялық процесті бұзу мақсатында АҚШ-тың саяси ұйымдарына хакерлік бұза кіру, бәлкім, барлық сыйлы елдер қолдамайтын іс ретінде саналады. Бірақ кейбір бақылаушылардің мұны Ресей мен АҚШ арасындағы үлкен қуатты бәсекелестіктің тағы бір тарауы ретінде сипаттары да сөзсіз.

Егер АҚШ  тар, өзімшіл пайда мүдделерін қорғау үшін долларға қол жеткізуді тым оңай жаба берсе, онда көп тәуекелдері болары анық. Sony туралы кибер шабуыл коммерциялық дау барысында шетелдік бәсекелестен болғанда, АҚШ санкциялармен жауап берер ме еді? Немесе, егер шабуыл Таяу Шығыстағы даулы АҚШ саясатына наразылық ретінде жүргізілді-мыс десек?

Fake news or real views Learn More

Бұл айтарлықтай қиын сын-тегеуріндер, сондықтан кез-келген АҚШ әкімшілігі долларлық сауда жүйесінен жеке тұлғаларды, фирмалар, және елдерді шығаруы бұрын біраз кідірту керек. Уақыт өте, тіпті заңды ойыншылардың өзі де, егер олар долларға қол жеткізу АҚШ мүдделерін қолдауға қарсы шықпаудың шарты екенін ұйғарса, басқа, олар балама коммерциялық және қаржы арналарын таба алады.

Санкцияларды енгізу жаһандық наразылықты көрсетудің оңай, ештеңеге тұрмайтын құралы сияқты, бірақ ол бұлай емес. АҚШ әрбір санкцияларды орналастыруды мұқият зерделеу керек, және олардың қандай бір күмән арттырудан гөрі, америкалық көшбасшылық пен долларға сенімді нығайтатынына көз жеткізуі тиіс.