Free wifi at library search for employment Andy Cross/Getty Images

Сандық технологиялар дәуіріндегі экономикалық өркендеу

САН ХОСЕ – Бүкіл әлемде адамдар өзгерістерді талап етуде. Соңғы сайлау қорытындылары - ең алдымен, Біріккен Корольдікте Brexit-ке дауыс беруі және Америка Құрама Штаттарындағы президенттік сайлау - өскелең экономикалық белгісіздікті анықтады. Бүгінгі жағдайда, көшбасшылар инклюзивті экономикалық өсуге бағытталған нақты жоспарларды анықтап, оны іске асыруы өте маңызды және де олар пікірталастар ортасында орын алған салық және сауда саясаттарын ғана емес,  цифрландыруға да назар бөлулері керек.

Алдағы онжылдықта әлеуетті экономикалық құны 19 трлн доллар болатын цифрландырудың елдерге ЖІӨ өсімін, жұмыс орындарын және инновацияларды жасауға мүмкіндік беретін күші бар. Біз қазірдің өзінде цифрландыруды өздерінің экономикалық стратегияларының негізгі драйвері ретінде ұстанған елдерде оның терең әсерін көріп жатырмыз.

Үндістанда, мысалы, Премьер-Министр Нарендра Моди Үндістанды технологиялардың қозғаушы күшіне айналдыратын стратегиясын іске асырып, сандық болашаққа дайындық жасауда. Францияда, үкімет алдағы 3-5 жылда 1,1 млн жұмыс орнын құруға  мүмкіндік беретін және келесі онжылдықта ЖІӨ-ге 101 млрд доллар қосатын кең ұлттық сандық жоспарға қаржы салды.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/Asnq3IV/kk;

Handpicked to read next