President Donald Trump attends a state dinner at the Great Hall of the People Thomas Peter - Pool/Getty Images

Трамп және баспасөз бостандығының қайта өркендеуі

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі БАҚ-қа қысым көрсету және ұялмай «балама фактілерді» (өтірік сөз ретінде белгілі болған) қолдануымен жетекші баспасөз құралдарын дүр сілкіндірді. Бірақ БАҚ мәртебесінің статус-квосына Трамптың салған сынағы мүлдем жаман нәрсе емес: журналистерде енді биліктегілерге жақтасатын жаман әдеттерінен мүлдем құтылу мүмкіндігі бар.

Трамптың бас стратегі Стивен Бэннон, жақында New York Times басылымына БАҚ   «оппозициялық партия» болып табылады деп айтқан кезде көпшілікті таңқалдырды. Мүмкін Бэннон өз сұхбаттастарын бағыттан адастырғысы келген шығар, бірақ ол сондай-ақ қарсыласының негізгі рөлін кездейсоқ естеріне салды. Салауатты демократияда, баспасөз жігерлі түрде ресми саясат пен істерді анықтау арқылы азаматтарға мемлекеттен есеп алып, жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

Өкінішке орай, Америкада осындай БАҚ болғанына ондаған жыл болды. Оның орнына, баспасөз құралдары бірнеше Президент әкімшілігіне өздеріне ақпаратты дайындап беріп отыруына мүмкіндік берген. Америка Құрама Штаттарында жаңалық ұйымдары билік коридорларына қол жеткізуді ең басты мақсат ретінде қарастырды, тіпті ол қол жеткізу ыңғайсыз сұрақтарды болдырмау немесе жалтақ жауаптарды қабылдау тәрізді шарттармен келсе де.

https://prosyn.org/0H57PLgkk