dervis68_Westend61_Getty Images_cash machine Westend61/Getty Images

Базалық табысты дұрыс ұйымдастыру

ВАШИНГТОН – Шартсыз базалық табыс (UBI) схемалары осы күндері ел арасында қызу талқыланып жатыр. Әрине, жұмыспен қамтылуына қарамастан елдің барлық заңды тұрғындарын қолма-қол ақшаның стандартты сомасымен қамтамасыз ету идеясы  су жаңа емес. Философ Томас Мор он алтыншы ғасырда осы идеяны жақтаған, ал Джон Кеннет Гэлбрейт пен Милтон Фридмен жылдар өте оның басқа да нұсқаларын ұсынған. Бірақ соңғы уақытта бұл идея бүгінгі технологиялардан орын алған экономикалық мәселелерді шешетін құрал ретінде талқыланып жатыр. Ал бұл, шын мәнінде, дұрыс шешім бола ма?

UBI ұсынысының үш негізгі ерекшеліктері бар: ол барлық азаматтарды негізгі әлеуметтік «бастамамен» қамтамасыз етеді; ол адамға бұл қолдауды пайдалану жолын таңдауға мүмкіндік береді; және ол көптеген әлеуметтік қолдау бағдарламалары тәуелді болған бюрократияны оңтайландыруға көмектесе алады. UBI толықтай «портативті» бола алады, сол арқылы, ол жиі жұмыс орындарын өзгертетін, әлеуметтік сақтандыру бойынша ұзақ мерзімді жұмыс берушге тәуелді болғысы келмейтін, немесе өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға көмектесе алады.

UBI -ні кедейшілікті шектеу құралы ретінде қарастырып, көптеген солшыл жақтағылар оны өз бағдарламасына қосып алған. Ал көптеген либертариандықтарға оның алушыларға ақшаны жұмсау жолдарын еркін таңдауға мүмкіндік беретіні, тіпті осылай жасауды талап ететіні ұнайды. Өте бай адамдар да кейде осы идеяны қолдап жатады, себебі

https://prosyn.org/rTNOA0okk