Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

satyarthi7_Klaus Vedfelt_getty images_children KIaus Vedfelt/Getty Images

Баланы қорғау – тұрақтылықты қорғау

НЬЮ-ДЕЛИ – 24-25 қыркүйекте БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі 17 мақсатының орындалуын талқылау үшін әлем басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитіне жиналды. Бұл – 2015 жылғы қыркүйекте 2030 Күн тәртібін қабылдағаннан бергі тұрақты даму жоспарларын талқылаған алғашқы саммит болды. Содан бері біз бірлесіп анағұрлым бейбіт, қауіпсіз, дені сау әрі бақуатты әлем қалыптастыру жолында үлкен секіріс жасадық. Алайда, өкінішке қарай, біз балаларға қатысты мақсаттардың көбін ұмытып жатқан сияқтымыз, оларсыз 2030 Күн тәртібін орындау алыстағы арман болып қалатын тәрізді.

Бүгінде мигранттар мен босқындар дағдарысы кесірінен әлемде 50 миллион бала аспан астында тұрып жатыр. 152 миллионға жуық бала жұмысқа жегілген. 262 миллион бала мен жасөспірім мектепке бармайды. 428 миллионға жуық бала кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Бұл – жай цифрлар емес. Олардың бәрі – біздің баламыз, адам баласы.

Қазіргі әрекеттерді жай ғана жалғастыра беру бұл сандарды көп өзгерте қоймасы анық. 2030 Күн тәртібін дұрыс бағытқа түсіру үшін әлем лидерлері ашық, батыл, жауапты әрі жанашыр болуы керек, ал олардың үкіметтері мен ұйымдары балаларымызға дұрыс инвестиция салуы тиіс.

БҰҰ-ның мұның алдындағы Мыңжылдық даму жоспарларының ішінде балаларға, кедейлік пен білімге қатыстыларының біразын жүзеге асыру жолындағы әрқилы әрекеттерден соң Тұрақты даму жоспарларына үлкен үміт артылып отыр. Көп белсенді (арасында мен де бармын) 8.7 тұрақты даму мақсатын (ол бойынша 2025 жылға қарай барлық формадағы бала еңбегі жойылуы керек) және балаларға қатысы бар басқа мақсаттарды 2030 Күн тәртібіне енгізуге көп күш салды.

Бірақ қазіргі тенденция жалғаса берсе, 2025 жылы әлі де 121 миллион бала жұмыс істеп жүрмек. 2030 жылы 225 миллион бала мен жасөспірім мектепке бармайды, ал әлем халқының 6 пайызы әлі де сіңірі шыққан кедейлікте өмір сүрмек. Яғни әлем 8.7 мақсатына, кедейлікті жою туралы 1-мақсатқа, сапалы біліммен қамту туралы 4-мақсатқа қол жеткізе алмайды. Соның кесірінен миллиондаған адам ерекше зорлық-зомбылық пен жұмысқа жегуден жапа шегеді. Әрбір бақытсыз бала адамзат үшін орындалмаған мүмкіндік болары сөзсіз. 

Көп елдердің үкіметтері Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде ілгері жылжыдық деп есеп бергенімен, кейбіреулері кей мақсаттарды таңдап алып, бала еңбегі және білім беру сияқты мәселелерді басымдықтарының тізімінен шығарып тастаған. Әр елге қатысты ерікті түрдегі шолу өз мақсатын орындап жатпағандықтан, бізде нақты меже мен уақыт белгілеп, барлық тараптардың жауаптылығын арттыратын міндетті шолу енгізу қажеттігі туындап тұр. БҰҰ үкіметтерден балаларға қатысты мақсаттар бойынша міндеттемелерін орындап жатқанын дәлелдейтін нақты жоспарлар талап етіп, кейіннен оларды қолдап отыруы тиіс.

Subscribe now
ps subscription image no tote bag no discount

Subscribe now

Subscribe today and get unlimited access to OnPoint, the Big Picture, the PS archive of more than 14,000 commentaries, and our annual magazine, for less than $2 a week.

SUBSCRIBE

Оның үстіне, саясаткерлер бала еңбегі, кедейлік және сауатсыздық арасындағы шырғалаң шеңберді бұзу бағытында қадам жасауы керек. Бұл шеңберді осыдан көп жыл бұрын мен “Үшбұрыш парадигма” деп атағанмын. Еңбекке жегілген әр бала ересек адамның орнында жұмыс істейді және ол сауатсыз, біліксіз әрі кедей болып қалады. Бұл ұрпақаралық кедейлікке алып келеді, ал оны жүйелі түрде бұзу керек.

Сондықтан, БҰҰ, Еуропа одағы, халықаралық ұйымдар және ел үкіметтері төрт негізгі басымдықты қолға алуы тиіс. Біріншіден, олар ересектерді әлеуметтік қорғауға көп қаржы құюы керек, себебі мұның игілігін балалар көреді. Бразилияның Bolsa Família бағдарламасы, Үндістанның “Түскі ас схемасы” мен “Махатма Ганди атындағы ауылда жұмыспен қамтуға кепілдік” бағдарламалары – осының жақсы мысалдары.

Екіншіден, саясаткерлер ересектерге лайықты еңбек шарттарын қалыптастыруға күш салуы керек, сонда балалар балалық шағын қамсыз өткізеді. Олар көбірек жұмыс орындарын ашып, теңсіздікті азайтып, ең төменгі жалақы енгізіп, әйелдердің бірдей жұмыс үшін бірдей жалақы алғанына көз жеткізуі тиіс. Әлемдегі жұмыспен қамтудың 60 пайызы бейресми экономикаға тиесілі болғандықтан, бұл қиын шаруа болмақ. Мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары еңбек стандарттары мен жұмыс шарттарын енгізіп, оларды бақылай алуы үшін үкіметтер мен бизнес өкілдері экономиканы заңдастыруға тырысуы керек.

Үшіншіден, үкіметтер жасөспірімдерге қажетті дағдыларды үйретуі керек, сонда олар кәмелет жасына толғанда еңбек нарығына оңай кіріп кетеді. Сонымен бірге, тұрақты дамту мақсаттары процесінің барлық кезеңіндегі шешім қабылдауға ұлттық және халықаралық жастар ұйымдары толыққанды қатысуы қажет.

Төріншіден, әлемнің көшбасшылары жақсы білім бала еңбегі мен кедейлікті жеңудің басты құралы екенін есте ұстауы тиіс. Бүгінде дамушы елдердің көбі балалар емін-еркін білім алатын, инфрақұрылым мен құралдары бар орта қалыптастыра алмай отыр. Мәселен, Сахараның оңтүстігінде жатқан Африка елдерінде бастауыш және орта мектептің жартысына жуығына электр желісі тартылмаған, оларда Интернет те, компьютер де, ауызсу да жоқ.

Балаларды тегіс инклюзивті және сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатына (4-тұрақты даму мақсаты) білім саласының шығындары қазіргі 1,2 триллионнан 2030 жылға қарай 3 триллионға дейін артуы тиіс. Бұл әсіресе кедей елдерде көп тараптың, соның ішінде жекеменшік сектордың қосымша қаржы салуын қажет етеді.

Менің ең үлкен қаупім – тиісті қаржы, ұжымдасқан саяси жігер және мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс болмайынша, тұрақты даму мақсаттары – орындалмаған армандардың әдемі тізбесі болып шығады. Бірақ мен әлемнің бұл мақсаттарды орындауға ресурсы мен мүмкіндігі жетіспейді деген пікірмен келіспеймін. Әсіресе Дүниежүзілік еңбек ұйымының жүз жылдығын және БҰҰ-ның Бала құқықтары хартиясының 30 жылдығын тойлап жатқан биылғы жылы.

Жақында Мексикада Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының 29 жеке және ұжымдық иегерлерімен бірге Нобель Бейбітшілік саммитіне қатыстым. Басқа лауреаттар балаларымыздың еркіндігін, қауіпсіздігі мен білім алуын қамтамасыз ете алмасақ, ғаламдық тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес деген пікірмен келісті.

Сондықтан мен БҰҰ-ны, ел үкіметтерін және басқа барлық тараптарды 2030 Күн тәртібіне, соның ішінде балаларға қатысты мақсаттарға ұмтылып жатқандарын тағы бір шегелеп айтуға шақырамын. Жас балаларын қорғай алмайтын әлемнің тұрақты әлем болмасы анық.

https://prosyn.org/gT47dkckk;
  1. op_dervis1_Mikhail SvetlovGetty Images_PutinXiJinpingshakehands Mikhail Svetlov/Getty Images

    Cronies Everywhere

    Kemal Derviş

    Three recent books demonstrate that there are as many differences between crony-capitalist systems as there are similarities. And while deep-seated corruption is usually associated with autocracies like modern-day Russia, democracies have no reason to assume that they are immune.

    7