Christine Lagarde (IMF), Valeria Gontareva (head of the National Bank of Ukraine), and  Petro Poroshenko Mikhail Palinchak/Getty Images

Украинаның даму жолындағы жалғыз кедергі

КИЕВ – Украина астанасында үміт пен анархияның белгілері тұнып тұр. Бұл ел таңқаларлық экономикалық өсімге қол жеткізгенімен, мұнда жемқорлық айылын жимай тұр. Президент Петр Порошенконың үкіметі мемлекеттік қаржы жүйесін тұрақтандыра алғанымен, клиентелизмді ауыздықтай алмады.

Қазіргі мәселе «Порошенко қолға алып жатқан сот және құқықтық реформалар тұрақты экономикалық өсімге жол аша ала ма?» деген сұраққа барып тіреледі. 2015 жылғы наурызда Украина үкіметімен арада несие келісіміне қол қойғалы бері Халықаралық валюта қоры бұл елге төрт рет ірі көлемде қаражат берді. Бірақ жақында келген сапарында ХВҚ Басқарушы директорының бірінші орынбасары Дэвид Липтон Украина «кері кетуі мүмкін» деген қауіп бар екенін айтты.

Украинаның мәселесі – макроэкономикалық мәселе емес. Алдыңғы министр Наталья Яресько сияқты қазіргі қаржы министрі Александр Данелюк те - еркін нарықты барынша қолдайтын мықты экономикалық басшы.

https://prosyn.org/g2tc18Jkk