60

Сауда туралы ашық әңгіме

КЕМБРИДЖ – АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың күтпеген жеңісіне экономистер де жауапты ма? Олар Дональд Трампты тоқтата алмаса да, жаһанданудыдың чирлидерлерін жақтамай, өз пәндерін оқытуға көбірек көңіл бөлсе, қоғамдық пікірталастарға күштірек әсер етер еді.

Менің Жаһандану тым алысқа кетіп қалды-ау? атты кітабым шамамен жиырма жыл бұрын басылымға жіберілген кезде, мен бір белгілі экономисттен кітап мұқабасының артқы бетіне шығарылатын пікірін жіберуін сұрадым. Мен өз кітабымда, уақыт келе дәстүрлі даналыққа айналған мынадай дәлелдерді келтіргенмін:  келісілген мемлекеттік әрекет болмаған жағдайда, тым көп жаһандану қоғамдық бөлінулерді тереңдетіп, үлестіру проблемасын ушықтырып, сондай-ақ отандық әлеуметтік мәмілелерге нұқсан келтіре алады.

Экономист болса қобалжыды. Ол шын мәнінде менің талдауымның ешқайсысына қарсы еместігін, бірақ менің кітабымның «варварларға амуниция» болатынына алаңдайтынын атап өтті. Протекционисттер өздерінің тар, өзімшіл күн тәртібіне қолдауды қамтамасыз ету үшін жаһанданудың теріс жақтары туралы кітаптың дәлелдеріне тиісулері анық қой.

Бұл әлі күнге дейін мен әріптес экономистерден көріп жүрген реакция ғой. Солардың бірі әңгімемізден кейін сенімсіз қолын көтеріп, мынадай сұрақ қойды: Сіз аргументтеріңіздің теріс түсініліп, оларды өзіңіз мінеп, сынап жүрген популисттер мен демагогтар  қолданады деп қорықпайсыз ба?