Kremlin critic Alexei Navalny arrested Kirill Kudryavtsev/Getty Images

Трамптың Ресейге байланысты өткір мәселесі

ВАШИНГТОН – АҚШ президенті Дональд Трамп өз жұмысын атқаруға кіріспей тұрып, Туиттерде өз елінің Ресеймен қарым-қатынасы туралы көзқарасын айтып өткен еді. «Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болу жаман нәрсе емес, керісінше жақсы ой», - деді ол бір туитінде. «Мен Президент болған кезде», - деп ол басқа бірінде жариялады, Ресей мен АҚШ «әлемнің көптеген үлкен және өзекті мәселелерін шешу үшін бірге жұмыс істейтін болады!».

Әрине, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға қатысты Трамптың ойында еш қателік жоқ. (Соңғы бірнеше АҚШ президенттері осы бірдей мақсатқа ұмтылған). Бірақ ол осы мақсатқа қол жеткізуде Ресейдің демократияның белсенді жақтатушыларын сатудың қажеті жоқ екенін мойындау керек.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдегі танымал диссиденттік козғалысты жойды десек болады. 2012 жылы Путиннің президенттік билікке оралғанынан кейін көп кешікпей, Дума шетелдік агенттерге қатысты заңын қабылдады, оның негізгі мақсаты шетелден қаржыландыруды алатын және «саяси белсенділік» деп аталатын кез келген нәрсеге қатысатын ұйымдардың үнін өшіру болды.

https://prosyn.org/SvXhhvYkk