union jack Carl Court/Getty Images

АҚШ және британдық популизм жолдарының алшақтығы

ЛОНДОН – Ұлыбритания, Франция, Америка Құрама Штаттары - бұл елдердің қайсысы  саяси тұрғыдан ерекшеленіп тұр? Жауап айқын емес пе? Өткен жылы Ұлыбританияның Брексит референдумы және Америка Құрама Штаттарында Дональд Трамптың сайлануы жаһандық элитаға қарсы популистік көтерілістің егіз рәміздеріндей болды. Франция, керісінше, Эммануэль Макронға дауыс бере отырып, өз елінің президенті ретінде әдеттегі «Давос адамын» сайлады, ол ең элиталы қаржылық, әкімшілік және білім беру мекемелерімен байланысы бар технократ-глобалист болып табылады.

Бірақ, бұл саяси клишелерден бір сәтке артқа қадам жасайықшы. Мен жақында Лос-Анджелесте Милкен институты өткізген Global конференциясына қатысу үшін британдық сайлау науқанынан қашып кетіп, осылай жасадым. Милкен конференциясы Давостың американдық баламасы болып табылады, бірақ онда Давос ешқашан қол  жеткізе алмаған неғұрлым елеулі назар бизнеске аударылып және АҚШ үкіметі өкілдігі күшті көрсетілген.

Трамптың негізгі экономикалық лауазымды адамдарын (қаржы министрі Стивен Мнучин және сауда бойынша хатшысы Уилбур Росс) және Конгрестің бір топ лауазымды тұлғалары мен іскер көшбасшыларын тыңдағаннан соң, бір тұжырымдамаға келуге болады: Трамптың сайлануы тек уақытша аберрация болып табылады. АҚШ ұлтшылдық ностальгия тақырыбындағы паркке уақытша ғана жол бұрған, ал негізі олар әлі де жаһанданудың болашақтағы шығындары емес, пайдасына бет бүрған.

https://prosyn.org/P3DrGaskk