Koch protest Spencer Platt/Getty Images

Американың бүлінген демократиясы

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамптың 2015 жылғы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Париж келісіміне шүйлігуі - бір жағынан оның білімсіздігі мен нарцистігінің белгісі. Бірақ мұнда бұдан да маңызды нәрсе бар. Бұл – АҚШ-тың саяси жүйесінің қатты бүлінгенінің белгісі, жақында жасалған зерттеуге сенсек, оны «толық демократиялық жүйе» деп атауға келмейді. Американың саясаты ықпалды корпоративтік мүдделердің ойыншығына айналды: енді ол байлардың салығын қысқарту, ауаны ластаушы алпауыттарға жеңілдік беру, әлемнің басқа бөлігіне соғыс пен ғаламдық жылыну тауқыметін әкеліп жатыр.

G7-ге мүше жеті елдің алтауы өткен аптада Трампты климаттың өзгеруі мәселесі бойынша мәмілеге келтіруге тырысып көрген, бірақ Трамп айтқанынан қайтпады. Еуропалықтар мен жапондар АҚШ-ты басты мәселелер бойынша одақтас деп қабылдайтын. Трамп билікке келгелі бұл үрдіс өзгере бастады.

Бірақ, мәселе тек Трампта емес. АҚШ-та тұратын адамдар Американың демократиялық институттары соңғы бірер онжылдықтың ішінде қожырап бара жатқанын жақсы біледі. Америкалықтар, бәлкім, 1960-жылдардан бастап саяси институттарға деген сенімді жоғалта бастаған. АҚШ-тағы саясат барған сайын қожырап, арсызданып, қоғамдық пікірден алшақтап кетті. Трамп – осы бір ауыр саяси дерттің қауіпті де қорқынышты симптомы ғана.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/8dJn2uk/kk;