ED JONES/AFP/Getty Images

Екіжүзді Ким мен екіұшты Трамп

АТЛАНТА – Ресей президенті Владимир Путинмен Хельсинкиде екі сағат оңаша сөйлескенде АҚШ президенті Дональд Трамптың қандай келісімге келгенін әлі ешкім білмейді. Дегенмен оның Сингапурдегі Ким Чен Ынмен болған саммиттен соң “Корей түбегін денуклеаризациялау келісіміне қол жетті” деп өзін-өзі құттықтағаны бос сөз болып шыққаны аян. АҚШ-пен жұмыс деңгейіндегі кездесуде кері шегінгені аздай, Ким режимі ядролық қарулы ел ретіндегі ұстанымын тіпті нығайта бастады. Кремль қожайыны осыны есінде ұстағаны анық. 

Солтүстік Корея бойынша мамандар Кимның ядролық арсендалдан бас тарта қоюы екіталай деп келген еді, соңғы айғақтар бұл пікірдің растығын дәлелдеді. АҚШ барлау қызметі өкілдеріне сілтеме жасаған репортаждан белгілі болғаны – Солтүстік Корея зымыран мен байытылған уран өндірісін арттырып, атом қорының көлемін жасыру арқылы ядролық қару бағдарламасын әрмен қарай жалғастырып жатыр.

Корей түбегіндегі жағдайды бақылап отырған адам бұл фильмді бұрын көргендей әсерде қалады. Бұл сценарийді Кимнің әкесі мен атасы ондаған жылдар бұрын жазып қойған. 1970-жылдардан бері Ким режимі ядролық қарудан ада Корей түбегін қалыптастыру ниетін танытып, қаруды таратпау келісіміне қол қойды, АҚШ-пен және Оңтүстік Кореямен келіссөз де жүргізді, сөйте тұра ядролық қару бағдарламасын жүргізіп жатыр. Соңғы “бейнекөріністе” Ким тіпті әкесінің “ерекше эффектілерін” қолданды. Мамырда ол ядролық қару полигонын жарды, осыдан он жыл бұрын әкесі Ким Чен Ир де дәл сондай “кинематографиялық талантпен” ядролық реактордың салқындатқыш мұнарасын жарған еді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

http://prosyn.org/zLdn2IG/kk;

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.