36

Трамптың нарықтағы «бал айы» аяқталды

НЬЮ-ЙОРК – Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайланғанда қаржы нарықтары ерекше жанданды. Әу баста Трамптың қаржы саласына серпін беремін, энергетиканы, денсаулық сақтау және қаржылық қызмет салаларын қайта реттеймін, корпоративтік және жекеменшік мүлікті шектеймін деген уәделеріне инвесторлар мастанып қалды. Алайда, «трампэкономика» акциялардың қымбаттап бара жатқан бағасына қарсы тұра ала ма?

Корпорациялар мен инвесторлардың қуанатынындай да бар. Республикалықтардың бұрынғы әдетінше тауарды өткізуге бағытталған экономикалық саясаты корпорациялар мен байлардың қолайына жағады, себебі олар бұл жағдайда жұмыс орындарын ашып, жұмысшылардың табыстарын молайтуда ештеңе істемейді. Бейтарап Tax Policy Center-дің пайымдауынша, Трамп ұсынып отырған салықтарды қысқарту идеясынан түскен кірістің жартысы ең көп табыс табатын 1 пайыз адамның қалтасына түседі екен.

Алайда, табиғи тұрғыда өрекпіген корпоративтік сектор енді алғашқы қауым кезіндегі үрейге бой алдырды: нарықтағы серпіліс басылып барады, ал Трамп пен инвесторлардың арасындағы «бал айының» да бітетін уақыты болды. Бұған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, «қаржылық серпіліс болуы мүмкін» деген болжам акциялардың бағасын көтеріп жібереді, бұл ұзақмерзімді пайыздық мөлшерлемені де арттырады, ал бұл капитал шығындарына әсер етіп, жылжымайтын мүлік сияқты мөлшерлемеге тәуелді нарыққа қатты әсер етеді. Ал, күшейген доллар Трамптың негізгі тірегі – көк жағалылар иемденіп отырған жұмыс орындарын жояды. Президент Carrier кондиционер шығарушы компаниясын күштеп, мазақтау арқылы Индианада 1 мың жұмыс орнын «сақтап» қалуы мүмкін. Бірақ, сайлаудан бергі доллардың нығаюы біраз уақыт ішінде зауыт-фабрикадағы 400 мың жұмыс орнын жоюы ықтимал.