trump macron Chesnot/Getty Images

Трамп, Макрон және либерализмнің мүшкіл халі

ДАВОС – Батыс либералдарының барлығы Дональд Трамптың сайлануы АҚШ қоғамы үшін үлкен қасірет, ал Эммануэль Макронның сайлануы француз қоғамы үшін үлкен жеңіс болды деп жатыр. Бірақ, қанша ақылға сыйымсыз көрінгенімен, барлығы керісінше болып шығуы мүмкін.

Алғашқы сұрақ: неге Париждегі жұрт көшеде қақтығысқа шығуға құштар, ал Вашингтон халқы ондайға бармайды? Париждегі демонстрацияны өз көзіммен көрдім, ал Елисей алаңындағы жас ағызатын газдың иісі 1964 жылғы Сингапурдағы этностық қақтығысты еске түсірді. «Сары күртешелер» неге ереуілдетіп жатыр? Жұрттың көбі олар әу баста «Макрон біздің жағдайымызды түсініп, оған бас қатырған жоқ» деген оймен шықты деп ойлайды.

Макрон ақылға қонымды макроэкономикалық реформа жүргізуге талпынып жатыр. Дизель отыны салығын көбейту Франциядағы бюджет дефицитін азайтып, көмірқышқыл газының таралуын бәсеңдетуі мүмкін. Ол қатаң қаржы-несие саясаты француз экономикасына сенімді нығайтып, инвестицияны арттырады, сөйтіп қоғамның төменгі сатысындағы 50 пайыз халық мұның игілігін көреді деп үміттенді. Бірақ ұзақмерзімді игілік жолында қысқамерзімді қиындыққа шыдау үшін халық өз басшысына сенуі керек. Бірақ, Макрон әлгі төменгі сатыдағы 50 пайыздың көпшілігінің сенімінінен айырылса керек.

https://prosyn.org/unEgPq5kk