86

«Бірінші кезекте Америка», ал келесіде жаһандық жанжал

НЬЮ-ЙОРК – Америка Құрама Штаттары Президенті ретінде Дональд Трамптың сайлануы жай ғана жаһандануға қарсы ашынып келе жатқан популистік көтерілісті көрсетпейді. Ол сондай-ақ Pax Americana (“Американдық бейбітшілік”) соңын білдіреді - бұл АҚШ пен оның одақтастары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін негізін салған еркін халықаралық алмасу және ортақ қауіпсіздік тәртібі.

Бұл АҚШ бастаған әлемдік тәртіп, 70 жыл бойы гүлдену мен өркендеуге мүмкіндік берді. Ол сауданы ырықтандыруға негізделген нарықтық режимдер, капитал жұмылғыштығының өсуі және тиісті әлеуметтік қамсыздандыру саясаты,  Еуропа, Таяу Шығыс және Азиядағы НАТО және басқа да түрлі одақтар арқылы жүзеге асқан американдық қауіпсіздік кепілдігінің арқасында орын алды.

Трамп, алайда, саудаға кедергі жасайтын популистік, жаһандануға қарсы және протекционистік саясатты жүргізіп, еңбек және капиталдың қозғалысын шектеуі мүмкін. Ал оның өз қорғанысы үшін Американың одақтастарын одан да көбірек төлеуге мәжбүр етемін деп ұсынуы оның қазіргі АҚШ қауіпсіздік кепілдіктеріне күмән келтіруін көрсетеді. Егер Трамптың «Американы бірінші кезекке» қоюы шын болса, оның әкімшілігі АҚШ геосаяси стратегиясын отанының ғана ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған, изоляционизм және біржақтылыққа қарай ауыстырады.

АҚШ 1920 және 1930 жылдары осыған ұқсас саясатын жүргізген кезде, бұл екінші дүниежүзілік соғыстың “дәндерін отырғызуға” көмектесті. Протекционизм - мыңдаған импортталған тауарларға әсер еткен Смут-Хоули тарифінен бастап - Ұлы депрессияны одан әрі нашарлатып, сауда және валюталық соғыстарды тудырды. Ең маңыздысы, АҚШ екі мұхиттармен қауіпсіз қорғалған деген жалған нанымға негізделген американдық изоляционизм нацистік Германия мен империялық Жапонияның  агрессивті соғысты бастап, бүкіл әлемге қауіп төндіруіне мүмкіндік берді. 1941 жылдың желтоқсан айында болған Перл Харбор шабуылынан соң, АҚШ, тығып отырған құм астынан басын шығаруға мәжбүр болды.