11

Корпоративтік Америка жайында мұңаймаңыз

НЬЮ-ХЕЙВЕН – Америка Құрама Штаттарында корпоративтік салық қысқартулары орын алайын деп жатыр. Мұның бастамасы қараша айында өткен президенттік сайлаудан бұрын орын алса да, президент Дональд Трамптың Американы қайта ұлы жасаймын деген мантрасы бұл мәмілеге мөр басқандай болды.  Айтылған пікірлер бойынша, АҚШ кәсіпорындары тәркілемелі салықтар мен нормативтік актілермен қысылған, бұл корпоративтік пайданы тұншықтырып және күрделі шығындар, жаңа жұмыс орындарын құру, өнімділікке ауыр қысым қоя отырып, Американың бәсекелестік сергектігін азайтып жатыр. Шамасы, бизнеске үзіліс беретін уақыт та келді.

Бірақ бұл аргументке айқын сұрақ туындайды: мәселе осындай қарапайым болса, неге осы түзетулер әлі де жасалған жоқ? Жауап сізді таңқалдырарлықтай болар.

Біріншіден, АҚШ-та корпоративтік пайданың жай-күйі қайғылы деп айту қиын, себебі Сауда департаментінің статистикасы бойынша, салықтан кейінгі корпоративтік пайда (ағымдағы түгендеу және амортизациялық, бухгалтерлік есепті бұрмалаудан кейін түзетілген өндірістегі салықтан кейінгі пайда мөлшері) берік түрде 2016 жылдың үшінші тоқсанында ұлттық табыстың 9,7%-ына тең болды.

Әдетте пайда нормасына қысым көрсететін жылымшы экономикалық өсу салдарынан болған, 2012 жылға 11% -дан төмен болса да, бұл түбінде созылмалы пайда проблемасын көрсетпейді. Анемиялық жағдайдан аман, салықтан кейінгі пайданың ағымдағы ЖІӨ үлесі 7,6%, болып, ол 1980  жылдардағы орта мөлшерден жоғары болып табылады.

2016 жылдың үшінші тоқсанында ұлттық табыстың тек 3,5%-ын құраған корпоративтік салық үрдістері ұқсас тұжырамдаманы растайды. Иә, бұл көрсеткіш 2000 жылдардан кейінгі 3% деңгейден жоғары болып табылады (1990 жылдардың ортасында 2,9% -дан бері корпоративтік Америкада 15 жыл ішіндегі ең төменгі орташа салық ауыртп��лығын білдіреді); бірақ бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дәуірдің бумы, 1950 жылдан 1969 жыл арасындағы 5,2% орташа үлестен төмен. Сонымен, АҚШ корпоративтік салық ауыртпалығының құрылымы мен күрделі жақтарын сынауда себеп болса да, бірақ жалпы корпоративтік салықтар шамадан тыс екенін дәлелдеу қиын.

Керісінше, еңбекке бөлінген ұлттық табыс үлесінің қысқаруы байқалады. 2016 жылдың үшінші тоқсанында, қызметкер өтемақысы - еңбекақы, қосымша жеңілдіктер, сондай-ақ  әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы жарналары, басқа да медициналық жеңілдіктер ұлттық табыстың 62,6% -ын құрады. Бұл 2012-2014 жылдар кезеңінде белгіленген төмен 61,2%-дан  біраз өсуді білдіреді, дегенмен ол 64,6% болған 1980 жылдан кейінгі орташа көрсеткіштен екі пайызға төмен болып табылады. Басқаша айтқанда, экономикалық қайтарым маятнигі жұмысшылардан капиталдың иелері бағытында алыс сермеді - бұл қатты басылған американдық бизнеске көмек бері үшін дәл салмақты дәлел емес.

Бірақ АҚШ компанияларының тым ауыртпалық алғанының қосымша көрінісі болған капитал жұмсау мен жаңа жұмыс орындарын құруда созылмалы әлсіздік ше? Иә, бизнес инвестициялары және жұмыспен қамтудың өсуі ағымдағы қалпына келтірудің әлсіз жерлері болды. Бірақ мұндай жағдайдың жүктелген салықтар мен нормативтік тұншықтыру емес, жиынтық сұраныстың теңдессіз тапшылығына байланысты туындады деген пікірлер де бар.

Бұның қисыны бар. Бизнес өзі жұмыс жасайтын нарықтардың болашақта өседі деп болжай алған жағдайда ғана жұмыс орындарын кеңейтіп, өндіріс қуаттылыған арта алады. АҚШ үшін, бұл сондай-ақ сынақ болуы мүмкін. 2008 жылдың бірінші тоқсанынан бастап, АҚШ-та инфляцияны ескере түзетілген жеке тұтыну шығындары орта есеппен жыл сайын 1,6% -ға ғана өскен - алдыңғы 12 жылдардағы 3,6% -дан екі пайыз төмен мөлшер. Шын мәнінде, ағымдағы кезең Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихта нақты тұтынудың әлсіз өсуі болған 35 тоқсан болып табылады. Өткен тек бастама болса, мысалы көптеген бизнес болжамдарын өткен нәтижелерге қарап жасайды - әлсіз тұтынушылық сұраныс мәселесін шешпей, салық жеңілдіктері және қайта реттеуге назар аудару пайдасыз болады.

Ол бәсекемен бірдей әңгіме. Трамп бірнеше рет Американың бір кезде болған бәсекедегі үстемдігін жоғалтуын жоқтады. Оны қалпына келтіру үшін, Трамптың «Америка бірінші орында» деген протекционизмді мақұлдау айналасында көмкерілген науқаны оның инаугурациялық жолдауындағы  мына сөздермен көрсетіліп отыр: «Қорғану ұлы өркендеу мен күшке әкеледі».

Бірақ бірде ұлы болған және бәсекеге қабілеттілігін жоғалтқан Америка жайлы Трамптың әңгімелері қолда бар ең жақсы дәлелдерге қайшы келеді: Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жариялаған жыл сайынғы жинағында 138 елдерді 114 жеке бәсекеге қабілеттілікті өлшейтін метрикалармен бағалау нәтижелері шығады.

ДЭФ-тың 2016-17 жылдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы баяндамадасында, АҚШ (Швейцария мен Сингапурдан соң) жалпы халықаралық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан үшінші орында келіп, соңғы он жылда алған орнын ұстап қалды. Иә, АҚШ нашар корпоративтік салық мөлшерлемелері, реттеу, сондай-ақ мемлекеттік бюрократия бойынша аз балл жинады; бірақ инновацияларға қабілеттілік (2/138), компаниялардың зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындары (2/138) мен ғалымдар мен инженерлер (2/138) қолжетімділігі үшін алған өте жоғары рейтингі қалған бар кемшіліктерді өтейді.

Сондай-ақ жаһандық ДЭФ есебінде Американың тұрақты жоғары рейтингінде орын алуы әсерлі қаржы нарығын дамыту, еңбек нарығының тиімділігі, және бизнес талғампаздығының бірнеше аспектілері бойынша жиналған баллдар арқасында болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, АҚШ өз бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпаған.

Мінсіз әлемде, АҚШ-тың бизнес бойынша салық және нормативтік жүктемесін төмендетіп, оны реттеп және жеңілдету жақсы болар еді. Бірақ бизнес АҚШ-тың экономикалық тізбегінде әлсіз буыны емес; жұмысшылар әлдеқайда әлсіз. Экономикалық қайтарымдар соңғы 25 жылда жұмысшылардан капитал иелеріне күрт көшті. Сонымен, көптеген дәлелдер Американың ұлттық экономикалық саяси пікірталасында басымдықтардың шұғыл өзгерту қажеттігін көрсетіп тұр.