A view if public access areas of Trump Tower Andrew Lichtenstein/Getty Images

Трамптың 3% өсімі 1%-ға тең

КЭМБРИДЖ – АҚШ президенті Дональд Трамп оның саясаты алдағы көп жылдар бойы тұрақты 3-4% өсімді қамтамасыз етеді деп мақтанған. Оның болжауы, арасында Уолл-стрит пен АҚШ Федералдық резерв жүйесі де бар көптеген кәсіби сарапшылардың АҚШ 2%-ға тең өсімге қол жеткізуінің өзі керемет сәттілік деген үміттеріне сәйкес емес.

Бірақ Трамптың болжамы дұрыс болуы мүмкін бе? Егер олай болса, бұл қаншалықты оның саясатының арқасында болмақ және тезірек өсу қоршаған орта мен табыс теңсіздігіне ұзақ мерзімді шығындарды әкелер ме? Қор нарығы тек өсу қарқыны туралы қам жеуі мүмкін, бірақ американдықтардың көбі өсімге қалай қол жеткізгені туралы қатты алаңдауы керек.

АҚШ-тың экономикалық өсу қарқыны бойынша Трамптың болжамы ессіз емес. Экономикалық деректердің тұрақты ағыны жыл сайынғы қарқын 2,5 пайызға дейін артқанын көрсетеді, бұл Трамп пен сарапшылар арасындағы айырмашылықты шамамен теңестірді. Сонымен қатар, Tрамп төрағалығының алғашқы жарты жылында жұмыспен қамту жоғары болып, бір миллионнан астам жұмыс орындары ашылды, қорлар да жаңа жоғары деңгейге көтеріліп, екеуі де жоғары тұтынуды қамтамасыз етуде.

https://prosyn.org/Bw0AIBDkk