7

Экономикалық отпен ойнау

ПРИНСТОН – Өткен жылы осы уақытта, Халықаралық валюта қоры 2015 жылы 3,1% болған көңіл қалдырарлық жаһандық ЖІӨ өсімін хабарлап, өсу 2016 және 2017 жылы артады деп уәде берген. Бірақ бұл мүмкін емес екенін мен сол уақытта түсіндіріп өткенмін. Әрине, 2016 жылы жаһандық ЖІӨ қайтадан тек 3,1% -ға өсті, ал әлемдік сауда өсімі 2,7% -дан 1,9% -ға дейін айтарлықтай баяулады. Бұл сандар проблемалы әлемдік экономиканы сипаттайды.

Ал ХВҚ қайтадан әлемдік ЖІӨ-нің өсімі алдағы екі жылда айтарлықтай жақсаратын болады және әлемдік сауда өсімі екі есеге өседі деп болжайды. ХВҚ 2017 жылы әлемдік экономиканың жақсаруын Америка Құрама Штаттарындағы күшті ЖІӨ өсуінен болады деп санайды. АҚШ-тың экономикасы туралы оптимизмі оң бизнес және тұтынушылық сенім көрсеткіштері мен өсіп жатқан қор бағаларына негізделген және фискалдық ынталандыру мен қайта реттеу қарсаңында жүзеге асырылады.

Бірақ бұл құлшыныс орын алып жатқан тереңірек бұзуларды назарға алмай тұр. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі сауда келісімдерін кері қарай бұра бастағанда экономикалық өсуіге кедергі болады, және АҚШ нарықтарды реттейтін нормалар мен институттарды жоя бастағанда өсуге тіпті үлкен соққы болады. Ең нашары, Трамп әлемдік экономика әлсіз болған кезде ойын ережелерін өзгертетін болады, себебі қазір Қытай өзінің қаржылық секторында үлкен жел толған көпіршіккпен арпалысып және Еуропа Италияның банк секторындағы баяу қозғалған пойыз апатының дөңгелегінің астында ұйқыға батқан кез.

Сонымен қатар, қуатты мүдделері тіреген халықаралық сауда туралы келісімдер барған сайын интрузивті болуда. Ол 12 елден құралған Транс-Тынық мұхиты әріптестігіне (ЖЭС) қарсы шыққан кезде Вермонт сенаторы және демократиялық басты үміткер Берни Сандерс атап өткендей, мұндай мәмілелер ірі трансұлттық корпорациялардың мүдделерін қорғауға арналған. Гарвард экономисті Дэни Родрик те солай ойлап, осындай м��мілелерді «еркін сауда туралы келісімдер» деп сипаттайтын «насихаттауды» мақұлдағаны үшін өз әріптес экономистерін қатты сынады. Экономикалық жақтан осал адамдардың өмірін зақымдап, бұл мəмілелер таңдаулы бірнеше адамның пайдасына ғана жарайды.

Президенттік сайлауда Трамптың қарсыласы Хиллари Клинтон, сондай-ақ, ЖЭС-ке қарсы шығып еді, сондықтан мәміледен бас тартамын деген оның соңғы шешімі саяси тұрғындан сөзсіз орын алатындай жағдай еді. Алайда, тіпті лазым өзгерістер өтпелі шығындармен бірге келіп, жаңа әкімшілік негізгі нарықтық экономика қағидаттарын ескермеген сайын осы шығындар өседі.

«Қайтадан Американы мықты ету» үшін импорттық тарифтерді қолданамын деп қорқытқан кезде Трамп отпен ойнап отыр. Тарифтер бірден американдық тұтынушыларға зақым келтіреді, және басқа елдердің қорғаныс, жазалаушы түрде жауап беруі, осылайша қазірдің өзінде әлсіз болып тұрған әлемдік сауданы бұзып, жаһандық өркендеу көзін өштіреді.

Жеке фирмаларға қарсы Трамптың  бұзақылық тактикасы іс жүзінде одан да қауіпті болуы мүмкін. Wall Street Journal бойынша, Трамп американдық өндірушілердің басты «бас қатыратын ойына» айналды. Журналда жазылғандай, «кеңес мүшелері жаңа әкімшілікте кімнің достары бар екенін анықтауға тырысып жатыр», «оның Twitter парақшасын бақылауға арналған арнайы жеке топтар құрылды». Компаниялардың болашақта «олардың операцияларында кенеттен жаңа, күтпеген күшпен арпалысуы» қайта реттеудің жаңа кезеңін күткендерге қайта  ойлануына апарады. Фирмалардың істеріне мұндай белсенді араласу барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі болып табылады.

Гарвард құқық профессоры Касс Сантсейннің тамаша эссесінде компаниялардың істеріне Трамптың күтпеген араласуы нарықтық экономиканың өзіне нұқсан келтіретін болады дейді. Атап айтқанда, арнайы бизнестерді өз «командаларын» іске асыруға таңдау арқылы Трамп ашықтық мен объективтілік тәрізді негізгі нарықтық қағидаттарды жояды. «Президенттік мәмілелер әлемінде» Сантсейн жазғандай, «компаниялар жан түршігерлік ынталандыру жолдарына тап болады, мысалы сансыз жолдармен президенттің ықыласына ие болу, стратегиялық тұрғыдан әрекет ету, сондай-ақ өз уәделерін мен қатерлерін жасау».

Экономикалық сенім қиялы жалғасын таба алар, себебі жақында Нобель сыйлығының лауреаты экономист Роберт Шиллер байқағандай, бір елестің орнын басқасы баса алады. Бірақ ақыр соңында сиқыр жойылады.

Қазірдің өзінде, қаржы нарықтарында, экономикалық көзқарасын қатты өзгертпеген АҚШ Федералдық резерв жүйесінің күтілгенге қарағанда пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі ұзағырақ уақыт алады деген ойды іс жүзінде көруге болады, себебі экономикалық өсу бұрын болжанған қарағанда әлсіз. Трамптың протекционистік шаралары дүниежүзілік сауданы әлсіретеді, отандық инфляцияны арттырып, сондай-ақ долларды нығайтады, және Американың экспорттық салаларының қиналуына апарады. Сайып келгенде, тіпті үлкен ауқымда, Трамптың еркін саясат шешімдері жаппай ұзақ мерзімді зиян тудырып, АҚШ және әлемдік экономиканың негізі болған халықаралық мекемелер мен ережелерді жойып жібереді.

Бұл тәуекелдер қытайлық және еуропалық өсу модельдері сынып жатқан уақытта келді. Қытай өз кредиттік отынымен толған мүлік шарының өсуіне жол беріп, оны капитал желімен ұшып кете алатындай әлсіз түрде қалдырды. Еуропада Грецияның экономикалық және әлеуметтік трагедиясының жағдайы, бұдан былай әлем назарын тартпаса да, қиындауда.

Бірақ нақты жаһандық ақаулық ноқтасы ретінде, бір ұрпақ өскен уақыт ішінде өспеген итальяндық экономика болып табылады. Италияның фискалды тұрғыдан шаршаған үкіметі популистік саяси қарсылыққа тап болып, дәрменсіз банктерін қолдау үшін күресіп жатыр. Бұл ретте, бір абайсызда жаққан сіріңке - Римде, Еуропаның басқа жерінде немесе Вашингтонда болсын - жаһандық өртті бастай алады.