7

Халықаралық валюта нарығын «трамптандыру»

ГОНКОНГ – АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың қаңтарда қызметіне кіріскен соң нақты не істейтінін айту қиын. Дегенмен, ол қазірдің өзінде салықтарды азайтып, инфрақұрылым шығындарын арттыруға уәде беріп отыр. Соның арқасында қаржы нарығы АҚШ-тың экономикасы қарқындап өседі деп болжап отыр, ал бұдан доллардың әлемнің көп валюталарына, соның ішінде Қытай юаніне шаққандағы бағамы өсіп, дамушы экономикалардан капитал қаша бастайды деген пікір бар.

Трамптың Қытайға тариф енгіземін деген уәдесіне қарамастан, күшейген доллар Американың саудадағы бәсекелестігіне кесірін тигізеді. Оның үстіне, Халықаралық Валюта қорының есебі бойынша, биылғы маусымда доллар 10-20 пайызға асыра бағаланған.

Бірақ, мәселе мұнда ғана емес. Сауда - елдің сыртпен байланыстағы дисбалансын реттеу үшін көтеріліп не төмен түсіп тұратын валюта курсының негізгі қозғаушысы саналатын, ал қазір капитал ағынының ауқымдылығы сондай, ол валюта курсын реттеуге бұрынғыдан көп ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, нарықтың АҚШ-тағы өсім туралы оптимизмі бұрынғыдан да үлкен дисбалансқа ұшыратып, халықаралық валюта жүйесін күйретуі мүмкін.

2010 жылы Англия банкінің бұрынғы басшысы Мервин Кинг әлемдегі  қаржы дисбалансын «Судоку» ойынымен сипаттап, кестенің ішіндегі сандарды өз бетіңмен таңдау мүмкін еместігін айтқан. Елдердің барлығы жұмыссыздықты толық жойып, қоры көп елдер сауда балансында профицитке қол жеткізгісі келсе, қоры аз елдер сауда дефицитін азайта алмайды. Сондықтан, АҚШ Федералдық резервінің бұрынғы төрағасы Бен Бернанке АҚШ-ты «профицит сақтаушы» елдерге қаржылық бақылауды уысынан шығарып алды» деп айыптады, бұл арқылы ол сауда ағындарын меңзеп тұр.