Iranian President Hassan Rouhani Ludovic Marin/Getty Images

Иран ядролық келісімі - қауіпті де қажетті

ТЕЛЬ-АВИВ – АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімді бекітуден бас тартты, осылай ол АҚШ конгресіне Иранға қайта санкциялар енгізуге мүмкіндік беретін процессті бастады. Бақытымызға орай, Конгресстің келісімшартты жәй жоя салмай, АҚШ Иран мәмілесінен бас тартады деп ұзақ уақыт бойы уәде беріп келген Трампқа өзінің жақтастарының алдында абыройын сақтауға мүмкіндік беретін балама іздейтін болады. Дегенмен, келісімшарттан мүлдем бас тарту да үлкен қателік болады.

Көптеген израильдіктер сияқты, мен Трамптың 2015 жылғы Иранмен жасалған халықаралық келісімі түбегейлі нашар мәміле дегенімен келісемін. Бірақ бұл жасалып қойған мәміле ғой. Америка Құрама Штаттары толығымен одан бас тартуға шешім қабылдаса да, басқа тараптар -Қытай немесе Ресей, тіпті еуропалықтар (Франция, Германия және Біріккен Корольдік) - олай жасамайды. Иран бұл келісімнің пайдасын көруді  әрі қарай жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, Иран АҚШ-тың мәміле туралы шешімін өзінің тоқтатылған ядролық бағдарламасын қайта жандандыруға негіз ретінде қолдануы мүмкін. Себебі, Иран ядролық келісімдерін қайта қарау туралы заңы АҚШ-тың президентіне Иран шарттарды бұзған жағдайда, осы келісімді тоқтатуға рұқсат береді. Ал заң тұрғысынан қарасақ, Иран олай жасаған жоқ.

https://prosyn.org/GB1G00Nkk