Iranian President Hassan Rouhani Ludovic Marin/Getty Images

Иран ядролық келісімі - қауіпті де қажетті

ТЕЛЬ-АВИВ – АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімді бекітуден бас тартты, осылай ол АҚШ конгресіне Иранға қайта санкциялар енгізуге мүмкіндік беретін процессті бастады. Бақытымызға орай, Конгресстің келісімшартты жәй жоя салмай, АҚШ Иран мәмілесінен бас тартады деп ұзақ уақыт бойы уәде беріп келген Трампқа өзінің жақтастарының алдында абыройын сақтауға мүмкіндік беретін балама іздейтін болады. Дегенмен, келісімшарттан мүлдем бас тарту да үлкен қателік болады.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Көптеген израильдіктер сияқты, мен Трамптың 2015 жылғы Иранмен жасалған халықаралық келісімі түбегейлі нашар мәміле дегенімен келісемін. Бірақ бұл жасалып қойған мәміле ғой. Америка Құрама Штаттары толығымен одан бас тартуға шешім қабылдаса да, басқа тараптар -Қытай немесе Ресей, тіпті еуропалықтар (Франция, Германия және Біріккен Корольдік) - олай жасамайды. Иран бұл келісімнің пайдасын көруді  әрі қарай жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, Иран АҚШ-тың мәміле туралы шешімін өзінің тоқтатылған ядролық бағдарламасын қайта жандандыруға негіз ретінде қолдануы мүмкін. Себебі, Иран ядролық келісімдерін қайта қарау туралы заңы АҚШ-тың президентіне Иран шарттарды бұзған жағдайда, осы келісімді тоқтатуға рұқсат береді. Ал заң тұрғысынан қарасақ, Иран олай жасаған жоқ.

Әрине, Иранның қуатты баллистикалық зымырандарды шығарып, Таяу Шығыстағы террорды таратуға көмек көрсетуі және қарқынды киберқауіпсіздік науқандарын жүргізуі - өте қауіпті әрекеттер және бұл мәселелерді шешу үшін Иранға қысым көрсету шараларын қолдану керек. Бірақ олардың ешқайсысының ядролық келісімге қатысы жоқ.

Сондықтан, егер Трамп Иран келісімнен қазір бас тартса, Солтүстік Корея атты тағы бір ядролық қатермен айналысқан кезде, Америкаға деген сенім азаятын болады. Егер АҚШ себепсіз халықаралық міндеттемелерін орындамаса, Ким Чен Ын не үшін келіссөздерге көнуі керек?

Ким бірінші орындағы экстремист болуы мүмкін, бірақ оның уәждемесін оңай түсінуге болады. Ол ядролық қаруды Ливиядағы Муаммар Каддафи және Ирактағы Саддам Хусейн сияқты басшылардың қатты және масқара құлдырауларынан сақтап қалатын сақтық шарасы ретінде қарастырады. АҚШ әскери күші қаншалықты мықты болса да, ол Солтүстік Кореяның ядролық арсеналын АҚШ-тың жақын одақтастары Оңтүстік Корея және Жапонияға жаппай қырып-жоятын қарсы шабуылсыз жоя алмайды. Бұл Кимге елеулі салмақ береді.

Кимді тоқтатудың жалғыз жолы - оның ядролық бағдарламасын қазіргі деңгейінде тежеп қалатын мәжбүрлі дипломатия арқылы ғана. Және кезінде санкциялар мен негізгі халықаралық тараптар арасындағы біртұтас ұстанымның арқасында, осындай мәжбүрлі дипломатия арқылы Иран да өз мәмілесіне келісуге мәжбүр болған еді.

Егер мұндай дипломатия өз беделін жоғалтса, Ким сөзсіз ядролық қару бағдарламасын кеңейтуді жалғастырады және жаһандық тәуекелдер де елеулі түрде өсетін болады - кем дегенде Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты көршілері өздерінің ядролық қаруын дамытуға барынша ұмтылатын болады.

Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану деген АҚШ-тың 70 жыл бойы алға қойған мақсаты құрдымға кетеді.

Иранның өз ядролық қару-жарақ бағдарламасын қайта іске қосу туралы шешімі қазіргі ең басты қауіп болмақ. Мұндай жағдайда, Египет, Сауд Арабиясы және Түркия ядролық бастаманы жалғастыруы да мүмкін. Шын мәнінде, осы оқиғаларды бақылап отырған кез келген дүниежүзілік диктатор ядролық қаруды қолданамын деп те шешуі мүмкін. Бүкіл әлемдік тәртіп түбегейлі өзгереді.

Солтүстік Корея - атақты мақалдағы қора есігін сындырып, қашып кеткен ат секілді. Бірақ қазіргі келісімнің арқасында ирандық жылқы болса әлі қораның ішінде тұр. АҚШ Солтүстік Корея атын қораға қайта кіргізуге тырыса отырып, Иранға қашып кетуге себеп бермеуі керек.

Бұл АҚШ-тың ештеңе жасамай отыруы керек дегенді білдірмейді. АҚШ болашақ Иран ядролық сынақтарына дайындықты жалғастыру керек, тіпті егер ағымдағы мәміле күшін сақтап қалса да, бұл әбден мүмкін болар іс. Иран бірден ядролық сынақтарын бастамауы мүмкін, себебі мәміле әлі де оған елеулі артықшылықтар беруде. Осыдан бірнеше жыл өткен соң, бұл артықшылықтар негізінен жаппай қамтамасыз етіліп, Иранға өзінің уәделеріне берік болуға себеп аз болады.

Осы жағдайды ескеріп, АҚШ бұл келісімді жасауға көмектескен басқа тараптармен қоштасудан гөрі, АҚШ-тың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі жүргізген тексерулерге көмектесу үшін Иранның атом бастамасы бойынша бәтуаластыққа жетуі керек. АҚШ келісімнің басқа тараптармен бірге Иран бұл мәмілені бұзған жағдайда оған салынатын санкциялар мен басқа да жазалау шаралары туралы келісуі керек.

Алайда, бұл жоспардың іске асуы үшін «үлкен американдық таяқ» керек болады. АҚШ барлау, қару-жарақ және саяси тұрғыдан дайындық жасап, егер Иран Солтүстік Кореяның     ізімен жүруге тырысса, оны біржақты тәртіпте тоқтатуға барынша араласуы керек.

Мәмілесіз де, Иран Израиль ғана емес, сондай-ақ Таяу Шығыстың тұрақтылығына және бүкіл әлемге де қауіп төндіреді. Бірақ, қазіргі уақытта бұл қауіп аса үлкен емес. Жағдайды асқындырмау бүгінгі күні ең басты мәселе болуы керек. Біз Израильде осы мәселе туралы біраз уақыт ойландық, әртүрлі жағдайларға дайын болу үшін де көп жұмыс жасадық және қазіргі уақытта біздің қауіпсіздігіміз ағымдағы мәмілені қолдау арқылы қамтамасыз етіледі деп санаймыз.

Соңғы 25 жыл ішінде алты мемлекет өздерін ядролық мемлекеттерге айналдыруға тырысты. Олардың екеуі - Ливия мен Оңтүстік Африка - ол идеядан бас тартты. Басқа екеуі - Сирия мен Ирак тоқтатылды. Ал тағы екеуі - Пәкістан және Солтүстік Корея - халықаралық қоғамдастық қарсы болса да, бұл салада жетістікке жете алды. Біз Иранның олардың қатарына кіруіне рұқсат бермеуіміз керек. Иран ядролық келісімі нашар болса да, оны барынша сақтап тұру осы мақсатқа жету үшін ең жақсы мүмкіндік болып тұр.

http://prosyn.org/GB1G00N/kk;

Handpicked to read next

  1. Patrick Kovarik/Getty Images

    The Summit of Climate Hopes

    Presidents, prime ministers, and policymakers gather in Paris today for the One Planet Summit. But with no senior US representative attending, is the 2015 Paris climate agreement still viable?

  2. Trump greets his supporters The Washington Post/Getty Images

    Populist Plutocracy and the Future of America

    • In the first year of his presidency, Donald Trump has consistently sold out the blue-collar, socially conservative whites who brought him to power, while pursuing policies to enrich his fellow plutocrats. 

    • Sooner or later, Trump's core supporters will wake up to this fact, so it is worth asking how far he might go to keep them on his side.
  3. Agents are bidding on at the auction of Leonardo da Vinci's 'Salvator Mundi' Eduardo Munoz Alvarez/Getty Images

    The Man Who Didn’t Save the World

    A Saudi prince has been revealed to be the buyer of Leonardo da Vinci's "Salvator Mundi," for which he spent $450.3 million. Had he given the money to the poor, as the subject of the painting instructed another rich man, he could have restored eyesight to nine million people, or enabled 13 million families to grow 50% more food.

  4.  An inside view of the 'AknRobotics' Anadolu Agency/Getty Images

    Two Myths About Automation

    While many people believe that technological progress and job destruction are accelerating dramatically, there is no evidence of either trend. In reality, total factor productivity, the best summary measure of the pace of technical change, has been stagnating since 2005 in the US and across the advanced-country world.

  5. A student shows a combo pictures of three dictators, Austrian born Hitler, Castro and Stalin with Viktor Orban Attila Kisbenedek/Getty Images

    The Hungarian Government’s Failed Campaign of Lies

    The Hungarian government has released the results of its "national consultation" on what it calls the "Soros Plan" to flood the country with Muslim migrants and refugees. But no such plan exists, only a taxpayer-funded propaganda campaign to help a corrupt administration deflect attention from its failure to fulfill Hungarians’ aspirations.

  6. Project Syndicate

    DEBATE: Should the Eurozone Impose Fiscal Union?

    French President Emmanuel Macron wants European leaders to appoint a eurozone finance minister as a way to ensure the single currency's long-term viability. But would it work, and, more fundamentally, is it necessary?

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now