Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

subacchi27_GettyImages_USchinamoneytear Getty Images

Қытайды долларлық жүйеден босату

ЛОНДОН – Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы "бірінші фазаның" жақында жарияланған келісімі бір жылдан астам жалғасын тапқан сауда соғысының аяқталуына жан-жақты мәміле жолында маңызды қадам ретінде жарнамаланды. Бірақ егер сіз АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің антагонистік Қытай саясатынан бас тартуға дайын деп ойласаңыз, тағы да ойланыңыз. Шын мәнінде, Трамп әкімшілігі Қытайға қарсы басқа бір соғысты  бастау алдында, бұл жолы қаржы ағымына байланысты.

Жоғары интеграцияланған әлемдік экономикада сауда және қаржы-бұл бір медальдің екі жағы. Трансшекаралық сауда операциялары жақсы жұмыс істейтін халықаралық төлем жүйесіне және несие беруге дайын және қабілетті қаржы мекемелерінің сенімді желісіне байланысты. Бұл қаржы инфрақұрылым ең өтімді және оңай айырбасталатын Халықаралық валюта - АҚШ долларының айналасында құрылған.

АҚШ-долларының жетекші әлемдік резервтік валютасы ретіндегі позициясы сол кездегі Францияның қаржы министрі Валери Жискар д ' Эстеннің айтқанындай АҚШ-тың "шексіз артықшылығы" болды: Америка болмашы бағаға ақшаны басып шығара алады және оларды бүкіл әлем бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін пайдалана алады. Бірақ, жаһандық капитал нарықтарының ашылуымен, АҚШ та қалған әлемге әсер етудің өлшеусіз тетіктеріне ие болды.

Бүгінде әлемдік сауданың шамамен 80% доллармен есеп-айырысады және халықаралық мәмілелердің көпшілігі АҚШ-тың қаржы жүйесі арқылы жүзеге асады. Күн сайын Еуро-Американдық қоғамның Халықаралық Банкаралық Қаржылық Телекоммуникациялар (SWIFT) желісі арқылы 16 миллионға жуық төлем тапсырмасы  өтеді. Осылайша, капитал ағындарына АҚШ-тың шектеулері кез келген сауда тарифіне қарағанда айтарлықтай көп әсер етеді. Және де оларды енгізу үшін АҚШ Президентіне ұлттық төтенше жағдайды жариялауға және ерекше немесе төтенше қатерлерге ден қою үшін бірқатар экономикалық құралдарды қолдануға мүмкіндік беретін  1977 жылғы  Халықаралық Төтенше Экономикалық Өкілеттіктер туралы Актіге  (IEEPA) жүгіну ғана талап етіледі.

IEEPA ҚШ-тың көптеген санкциялық бағдарламалары үшін құқықтық негізді қалыптастырды, және де президенттер оны негізінен транзакцияларды бұғаттау және активтерді “қатыру” үшін пайдаланады. Мысалы, 1980-ші жылдары Президент Рональд Рейган төңкеріс Мануэль Норьеганы билікке әкелгеннен кейін Панамадағы барлық төлемдерді шектейтін IEEPA өкілеттігімен атқарушы жарлық шығарды. (Панама үшін арналған қаражат Нью-Йорктің Федералдық резервтік банкінде ашылған депозиттік шотқа аударылды.)

Трамп, өзіне керек кезде "төтенше жағдай" деп айқайлауға дайын екенін көрсеткенімен,   Мексикадан келетін импортқа енгізілен тарифтерін негіздеу және американдық компанияларға “дереу Қытайға балама іздеуді” талап ету бойынша өз беделін бекіту үшін бірнеше рет IEEPA-ға жүгінді.  Венесуэла президенті Николас Мадуроның посттан кетуіне ықпал ету үшін, ол PDVSA мемлекеттік мұнай компаниясының активтерін қатыру үшін  IEEPA өкілеттілігін қолданды.

Subscribe now
ps subscription image no tote bag no discount

Subscribe now

Subscribe today and get unlimited access to OnPoint, the Big Picture, the PS archive of more than 14,000 commentaries, and our annual magazine, for less than $2 a week.

SUBSCRIBE

Трамп сондай-ақ Америкалық инвесторларға Венесуэла үкіметіне тиесілі кез келген қарызды сатып алуға немесе акциялардың бақылау пакетіне ие кез келген компанияның акцияларын сатуға тыйым салды. Сондай-ақ, Трамп,  АҚШ-тың қолдауымен сайланған уақытша президент Хуанға ФРЖ-дегі Венесуэла мемлекеттік активтеріне рұқсат берді, себебі оның алдындағы президент Барак Обама оларды 2015 жылы тоқтатқан болатын.

Жалпы пікірге қарамастан, Трамп оның ізашарларынан (оған дейінгі болған басшылардын) артық санкция енгізген жоқ. Бірақ ол басқаша жасампаз тәсілдерін ойлап тапты -Американың орасан қаржылық тетіктерін жиі пайдалана отырып - оның Әкімшілігінің шараларын қамтамасыз ету үшін үшінші тараптарға келетін салдарларға қарамастан барынша зиян әкелді. Бұдан басқа, Ресей активтердің стандартты активтерін қатыру және транзакциялардың бұғатталуымен ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тың банктік жүйесіне кіру шектеулерімен және сатып алу келісім-шарттарынан алшақтату шараларымен кезігіп отыр.

Келесі кезекте экспорттың төмендеуімен, баяу инвестициялармен, әлсіз тұтынумен және өсімнің баяулауымен күресетін Қытай болса керек. Трамп әкімшілігі, бірнеше рет  хабарланғанындай, Америкалық зейнетақы қорларына Қытайдағы капитал нарығына инвестиция салуға тыйым салуды, Қытай компанияларын америкалық қор биржаларының тізімінен шығарып тастауды және олардың америкалық фирмалар басқаратын қор индекстеріне қол жеткізуін шектеуді қоса алғанда, АҚШ қаржысының Қытайға ағынын шектеуді қарастырады. Мұндай саясат қалай жүзеге асырылатыны түсініксіз; бұл оңай ерлік емес. Бірақ нақты белгіленген стратегияның болмауы Трампты бұрын тоқтатпады, әсіресе сөз геосаяси мақсаттарды алға жылжыту үшін экономикалық тетіктерді пайдалану туралы болғанда.

Бұл тәсіл қысқа мерзімді перспективада жұмыс істейді, бірақ ол міндетті түрде әсері АҚШ-қа жетеді. Трамптың қайта-қайта долларлық қарулануы доллармен байланған және АҚШ мақұлдаған активтерін ұстаушылар арасында сенімге нұқсан келтіреді. Қаншама шетелдік компаниялар өздерінің кез келген уақытта тізімнен алып тасталуы мүмкін екенін біле тұра қалайша АҚШ-тың қор биржасында тізімде тұрғысы келеді? Егер кез келген геосаяси түйісу шоттардың қатып қалуына әкелуі мүмкін болса, қаншама АҚШ-тың  резиденті емес тұлғалар  өз активтерін Америка банктерінде сақтайды?

АҚШ-қа сенімсіздіктің өсуіне қарай Қытай соңғы онжылдықта қолдап жүрген Халықаралық валюта реформасына ұмтылыс серпін алады. Бұл еуро немесе егер Қытай өз жолымен жүрсе, юань сияқты басқа да валюталардың халықаралық рөлін кеңейтуді білдіреді. Бұл сондай-ақ дамушы елдердің, әсіресе мұнай мен шикізат тауарларын экспорттаушылардың қажеттіліктеріне бағдарланған балама валюта жүйесін құруға әкелуі мүмкін.

Экономикалық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы байланысты кеңейте отырып, Трамп әлемнің екі ірі экономикалардың бөлінуін және қарсылас гегемониялардың басшылығымен қалыптасатын биполярлы әлемдік тәртіптің пайда болуын қолдайды. Онжылдықтар бойы әлемдік экономиканы қамтамасыз етіп келген сауда және қаржы жүйесін бөлшектеуден басқа, жойқын қақтығысы үшін алғышарттар жасалатын болады.

https://prosyn.org/29xtkOekk;
  1. op_dervis1_Mikhail SvetlovGetty Images_PutinXiJinpingshakehands Mikhail Svetlov/Getty Images

    Cronies Everywhere

    Kemal Derviş

    Three recent books demonstrate that there are as many differences between crony-capitalist systems as there are similarities. And while deep-seated corruption is usually associated with autocracies like modern-day Russia, democracies have no reason to assume that they are immune.

    7