Skyscraper in Beijin VCG/Getty Images

Американың Қытайға қысымының салдары ауыр болмақ

НЬЮ-ХАВЕН – Қыңыр кісі бір жақ болып, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда соғысы болу мүмкіндігін тағы бір рет ескертті. Тамыздың 14-інде ол АҚШ-тың сауда жөніндегі өкіліне Қытайдың зияткерлік меншік құқығын бұзуына қатысты тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл әрекетін АҚШ-тың 1974 жылғы «Сауда актісінің»  301-бабына негіздеген Трамп әкімшілігі Қытай импортына жоғары әрі кең ауқымды тарифтер енгізуі мүмкін.

Бұл – елеусіз ғана жайт емес. АҚШ-тың сауда жөніндегі өкілінінің «Қытайдың ДСҰ талаптарын орындауына қатысты есебінде» Қытайға қысым жасауға біраз негіз бар болғанымен, жазалау шаралары АҚШ-тың бизнесі мен тұтынушыларына біршама зардабын тигізбек. Мұны қаласа да, қаламаса да, бұл – әлемнің ең ірі екі экономикасының арасындағы тамыры тереңге кеткен өзара тәуелді қарым-қатынастың нәтижесі.

Адамдар арасындағы өзара тәуелді қарым-қатынаста араластықтың шарттарын бір жақ өз білгенімен өзгертетін болса, бұған қорланған екінші жақ дәл солай әрекет жасайды. Мемлекеттер мен олардың басшылары да дәл сондай. Яғни, сауда соғысының негізгі ерекшелігі – қарымта қайтаруға тырысу, яғни Қытай Американың әрекеттеріне сол деңгейде жауап береді. Іс жүзінде, Трамптың гамбитіне ресми түрде жауап берген Қытайдың Сауда министрі осыны аңғартты. «Қытай өзінің заңды құқықтарын шешімді түрде қорғау үшін барлық тиісті шараларды қолданады» деп уәде берді Қытайдың министрі. 

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/aphjKYR/kk;

Handpicked to read next