42

Қытайдың үлкен таяқшалары

НЬЮ-ХЕЙВЕН – АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Қытайдың артынан түсіп, ірі қателік жасап отыр. Олар  көптеген экономикалық және саяси санкцияларды қолдануды жоспарлап жатқандай, оның ішінде жазалаушы тарифтерді қолданып, Қытайды «валюталық манипулятор» деп атаудан бастап “бір Қытай” деген ұстаныммен өткен шамамен 40 жылдық дипломатиялық еңбекті шетке ысырып, Тайваньмен жақындасу да бар.

Бұл стратегияның зардаптары зор болады. Себебі бұл жаңадан күшейген АҚШ қарсыласымен шайқасу үшін барлық артықшылықтары қолында, және Қытайдың қандай да болсын жауабы ескерілмесе де болады деген қате сенімге негізделген. Ақиқаттан бұрын мұндай алыс болмаппыз.

Әрине, АҚШ Қытайдың ірі экспорттық нарықтарының бірі және, осылайша, оның әсерлі 35-жылдық даму жолының орталық тірегі де сол болды. АҚШ нарығының жабылуы, әрине, Қытайдың экономикалық өсуін басады.

Бірақ АҚШ сондай-ақ, қазір Америкадағы үшінші ірі және тез дамып келе жатқан экспорт нарығы болып табылатын Қытайға тәуелді болып қалған. Ал, 1,25 трлн доллардан асатын қазынашылық облигация және басқа да долларға негізделген активтер иесі ретінде, Қытай Американың созылмалы бюджет тапшылығын қаржыландыруда маңызды рөл атқарды, ол  экономикасын қолдау үшін жинақтары жеткіліксіз болған АҚШ-қа өз профицитінің көп бөлігін несиеге берді.