Banknotes of US Dollar and RMB Zhang Peng/LightRocket via Getty Images

АҚШ-Қытай сауда соғысының қалай алдын аламыз?

НЬЮ-ЙОРК – Трамп әкімшілігінің “АҚШ зияткерлік меншікті ұрлағаны үшін Қытайға санкция салады” деп мәлімдеуі екі ел арасындағы сауда дауын одан сайын ушықтыра түсті. Бұдан бұрын, 8 наурызда Трамп Қытайдан келетін алюминий мен болатқа тарифты өсіреміз деп мәлімдеген. Кейбіреулер бұл жағдай ғаламдық сауда жүйесіне ауыр қасірет әкеледі деп болжайды. 

Бұл шаралар әзірге тек үрейлі мақалаларға арқау болып, инвесторларды үркітіп жатыр, ал жақында АҚШ конгресі қабылдаған салық заңы Америка мен Қытай арасын одан сайын ушықтыратын түрі бар. Бұл қадамның салдарына толық баға берілгенге дейін екі ел арасындағы сауда байланыстары нашарлай түсуі ықтимал.

Жаңа салық заңы алдағы он жылда АҚШ үкіметіндегі дефицитті 1-2 триллион долларға дейін арттырады, жеке сектор қорын арттыру не жеке секторға инвестицияны азайту арқылы ұлттық қордағы дефициттің орнын толтыру мүмкін болмайды.

https://prosyn.org/X1e3eADkk