Trump in Japan Kiyoshi Ota/Getty Images

Трамптың Азиядағы тарихи мүмкіндігі

ВАШИНГТОН – Сайланғанына бір жыл болғанда АҚШ президенті Дональд Трамп Азияға алғашқы сапарына шықпақ. Ресми ақпаратқа сенсек, президент болғалы бергі ең ұзаққа созылатын 12 күндік сапарында ол АҚШ пен оның басшысының сенімділігіне деген күмәнді сейілтуді көздейді. Азияның АҚШ-қа төндіріп отырған қиындықтары мен мүмкіндіктерін ескерер болсақ, бұл – аса бір амбициялық мақсат емес.

АҚШ президенті сапарын Американың Жапониямен және Оңтүстік Кореямен арадағы одағын қайта нығайтудан бастамақ. Әсіресе сайлау науқаны кезінде Трамп бұл елдерді көп кемсіткен еді. Ал Пекинге барғанда ол Қытайды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы ұсынысын қолдауға көндіріп көрмек.

Бұдан соң Трамп Вьетнам мен Филиппинге табан тіремейді. Бұл елдермен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы АҚШ Қытайдың Оңтүстік-шығыс Азиядағы ықпалын тежеп отырады. Барак Обама әкімшілігі бұл аймаққа ықпал үшін Қытаймен арадағы күресте ала-құла нәтиже көрсетті. Трамп әкімшілігінің өкілдері соңғы кездері «АҚШ жалпы Үнді-Тынық мұхит аймағына арнап жаңа стратегия қабылдайды» дегенді де меңзеп келеді.  

https://prosyn.org/sYcied8kk