Jeff Bezos, CEO of Amazon, Larry Page, CEO of Alphabet Inc. (parent company of Google), Sheryl Sandberg, CEO of Facebook, Vice President-elect Mike Pence listen as President-elect Donald Trump speaks Drew Angerer/Getty Images

Технология компанияларына бақылауды күшейту керек пе?

ВАШИНГТОН – Өздігінен жүретін Uber көлігіндегі кісі өлімі және Facebook-тың қолданушылар мәліметтерін өзге мақсатқа пайдаланды деп айыпталуы сияқты технология саласындағы үрейлі оқиғалар бұл саланы қаржы секторындағы сияқты қатаң бақылауға алу керек пе деген мәселені күн тәртібіне шығарды. Технология компанияларына қатысты осы дүдәмалдың кесірінен олардың акция бағалары төмендеді, я құбылмалы болып кетті.

Әрине, көліктерге қатысты ережелер жан-жақты тексерілуі керек. АҚШ-та бұл мәселе әдетте штат деңгейінде шешіледі, дегенмен жүргізген тергеулерінің арқасында федералдық деңгейдегі Ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасының да беделі өте жоғары. Бұл басқарма Uber-мен болған апатты тергеп жатыр, мұның алдында бұл мекеме Tesla көлігінен болған қайғылы оқиғаны да тергеген.

Ал Facebook-ке келсек, БАҚ-тың хабарлауынша, бұл компания бірнеше өрескел қателік жіберген. Оның төрағасы және атқарушы директоры Марк Цукерберг өзі уәде еткендей, Конгреске келіп, сұрақтарға жауап берсе, жеке мәліметтер құпиясына қатысты шешім шығару процесінің жай-жапсарын білеміз деген үміт бар.

https://prosyn.org/Swvoa38kk