Jeff Bezos, CEO of Amazon, Larry Page, CEO of Alphabet Inc. (parent company of Google), Sheryl Sandberg, CEO of Facebook, Vice President-elect Mike Pence listen as President-elect Donald Trump speaks Drew Angerer/Getty Images

Технология компанияларына бақылауды күшейту керек пе?

ВАШИНГТОН – Өздігінен жүретін Uber көлігіндегі кісі өлімі және Facebook-тың қолданушылар мәліметтерін өзге мақсатқа пайдаланды деп айыпталуы сияқты технология саласындағы үрейлі оқиғалар бұл саланы қаржы секторындағы сияқты қатаң бақылауға алу керек пе деген мәселені күн тәртібіне шығарды. Технология компанияларына қатысты осы дүдәмалдың кесірінен олардың акция бағалары төмендеді, я құбылмалы болып кетті.

Exclusive insights. Every week. For less than $1.

Learn More

Әрине, көліктерге қатысты ережелер жан-жақты тексерілуі керек. АҚШ-та бұл мәселе әдетте штат деңгейінде шешіледі, дегенмен жүргізген тергеулерінің арқасында федералдық деңгейдегі Ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасының да беделі өте жоғары. Бұл басқарма Uber-мен болған апатты тергеп жатыр, мұның алдында бұл мекеме Tesla көлігінен болған қайғылы оқиғаны да тергеген.

Ал Facebook-ке келсек, БАҚ-тың хабарлауынша, бұл компания бірнеше өрескел қателік жіберген. Оның төрағасы және атқарушы директоры Марк Цукерберг өзі уәде еткендей, Конгреске келіп, сұрақтарға жауап берсе, жеке мәліметтер құпиясына қатысты шешім шығару процесінің жай-жапсарын білеміз деген үміт бар.

Дегенмен, жалпы технология секторын былай қойғанда, осы нақты салаларға қатаң федералдық бақылау орнату - тым ерте әрекет болуы мүмкін.

Біз қаржы саласын ықтимал кері әсерлері үшін бақылаймыз, себебі банктегі олқылықтар бүкіл экономиканы құрдымға кетіруі мүмкін. Сондықтан депозиттерді сақтандыру сияқты қауіпсіздік шаралары қолға алынған. Бірақ депозитті сақтандыруды асыра пайдаланатындаар болуы мүмкін, мәселен, егер жағдай жақсы болса, банк басшылары өсуге мүмкіндік алады, ал шығындардың барлығы сақтандыру қорының мойнына артылады. Асыра пайдаланудың алдын алып, сақтық шараларын қолға алу ереже шығаруды қажет етеді, АҚШ-тың Федералдық депозиттерді сақтандыру корпорациясы - бұл мәселені оңтайлы шешу бойынша әлемдегі ең озық үлгі бола алады.

Компьютер құрылғыларынан, бағдарламаларынан, цифрлық қызметтерден тұратын жоғары технология әлемі мүлде өзгеше. Құрылғылар үшін үлкен бәсеке бар. Бір компания қайраңдап қалса, бұл бүкіл жүйені құрдымға кетіре алмайды. Кейбір саясаткерлер халықаралық бәсекелестерді тұқыртып, “ұлттық чемпиондарын” қолдағысы келеді, бірақ бұл - реттеу шарасына қатысы жоқ басқа мәселе.

Amazon - әлі де өсіп келе жатқан алып компания, қазір ол азық-түлік дүкендерін ашып, жаңа піскен тамақ жеткізу қызметін де ұсына бастады. Бірақ бұл салада олардың бәсекелестері де жетіп-артылады және қазіргі ережелер (мәселен, азық-түліктің жеткізілуіне қатысты) жақсы жұмыс істеп тұр.

Ал, Google және Apple сияқты цифрлық технологияға негізделген компаниялар белгілі бір салаларда өте белсенді. Бірақ олар бағаға ықпал ететіндей монополиялық үстемдік жасап отырған жоқ, сондықтан үкіметтің антимонополиялық шаралар қолдануына негіз жоқ. Реттеудің бұдан басқа қандай түрлері тұтынушыларға көмектесетіні белгісіз. 

Еуропа одағы цифрлық компаниялардың жұмысын көбірек реттеуді қарастырып жатыр, олардың мәліметтерді сақтауда барынша мұқият болуды талап етуі орынды. Бірақ, Еуроодақ 1990 жылдары басталған цифрлық кәсіпкерлік дүрмегінен кеш қалып қойды,  қазір олар бұл салада алдыңғы шепте тұрған жоқ, сондықтан АҚШ-та олардың ізімен жүруге ынталылар некен-саяқ.

АҚШ үкіметі бұл салада барлығын керемет орындап отырмағанын да мойындауымыз керек. Мәселен, Федералдық коммуникация комиссиясының “Интернеттегі бейтараптықтан” бас тарту жоспары ірі операторларды қолдап, цифрлық старт-аптардың жылдам күш алуына кедергі келтіруі мүмкін. Массачусетс технология университетіндегі Media Lab сарапшысы Энди Липпманның осы жайтты түсіндіретін тамаша видеосы бар, саясаткерлерге (және сайлаушыларға) осы видеоны көріп шығуға кеңес беремін.

Facebook-тікі - ерекше жағдай, себебі өздеріне қалай қарағанына қарамастан, миллиондаған адам оның қызметін әрі қарай тұтына береді. Халықтың жеке мәліметтерін сақтау бойынша түсініспеушілік не жаңсақ ақпарат болуы мүмкін. Facebook-ке тәртіпті өзгерту жөнінде саяси қысым бар екені түсінікті, бірақ оларға қазір ең керегі - жеке мәліметтердің қауіпсіздігін алға қоя отырып табыс табуға болатынын дәлелдейтін жаңа бәсекелес. 

Криптовалюта - қаржы мен технология салаларының бірігіп келе жатқанының белгісі. Егер АҚШ-тың Құнды қағаздар және биржалар комиссиясы бұл саладағы ақша жинау шарасын (Initial Coin Offerings деп аталады) іс жүзінде құнды қағаздар шығару әрекеті деп мойындаса, онда бұл іске түрлі ережелер мен талаптарды қолдануға тура келеді. Бірақ мұнда жаңа ережелер шығарылмайды, тек қазіргі бар тәртіп қолданыла береді. Құнды қағаз саудасын реттеушілердің 1930 жылдары қабылдаған ережелері әлі де өзекті. Ең бастысы - инвесторларды қорғау және инвестицияға қатысты барлық тәуекелдерді ашық жариялау.

Өздігінен жүретін көліктерге де соны айтуға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы АҚШ-та жол апаттарынан 40 мың, ал әлемде 1 миллионнан астам адам қаза тапқан. Бұрынғы жылдардағыдай, бұл оқиғалардың көбі адамдардың түрлі қателіктер жіберуінен болған. Жолдағы кісі өлімін азайту - өте маңызды міндет, ал жол қауіпсіздігін арттыру тұрғысынан технология компанияларының бұл салаға үлес қосуы (және олардың бұрыннан бар көлік компанияларымен бәсекеге түсуі) - құптарлық іс. Мұнда да бұрыннан бар ережелер мен олардың орындалуын тексеретін мекемелерге өз әлеуетін сынап көруге мүмкіндік бар.

http://prosyn.org/Swvoa38/kk;

Handpicked to read next