malpass1_Brent StirtonGetty Images_bangladeshschoolwomengirls Brent Stirton/Getty Images

Әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыру неге маңызды?

ВАШИНГТОН, КОЛУМБИЯ ОКРУГІ – Қазір қыздардың көбі мектептке барады. Жұмыс істейтін, кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер де аз емес. Бұл үлкен жетістік болып көрінгенімен, бүгін туған қыз болашақта ер балалармен бірдей мүмкіндіктерге ие болуы үшін әлі де жұмыс атқару керек.

Дүниежүзілік банк пен басқа да ұйымдардың  зерттеуі әйелдердің экономикалық қуатын күшейту ғаламдық өсімге ықпал ететінін көрсетеді. Оның үстіне, бұл дұрыс шешім. Қуанышқа орай, мемлекеттердің көбі ерлер мен әйелдерге тең мүмкіндіктер берген кезде ғана елдің экономикалық әлеуетін толық жүзеге асыруға болатынын түсініп келеді.

Дүниежүзілік банк тобы мемлекеттерге дискриминациялық заңдардың күшін жоюға, гендерлік алшақтықты азайтуға бағытталған жобаларға инвестиция құюға, гендерлік зорлықтың алдын-алу мақсатында іс-қимылдар жүргізіп, қаржыға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі. 

https://prosyn.org/C8dfMXvkk