Trump Pool/Pool

Үш Трамп

НЬЮ-ЙОРК – Тарихтың соңғы беттерінде бұрын-соңды басшылықтың өзгеруі, Дональд Трамптың АҚШ президенті болғанындай көп назар алып және алыпсатарлықтың артуына апармаған. Бұл қандай өзгерісті білдіретінін түсіну үшін үш құпияны ақтару қажет, себебі Трамптың үш нұсқасы бар.

Бірінші Трамп, Ресей президенті Владимир Путиннің досы. Путинға Трамптың көрсеткен ынта-жігері оның риторикасының ең дәйекті бөлігі болып табылады. Қытай, Мексика, Иран, Еуропалық Одақ тәрізді шетелдік державалардың құрбаны ретінде Америка Құрама Штаттарына қатысты көзқарасқа қарамастан,  Трамптың Путинға деген қызығушылығы жарқын болып тұр.

Кімнің көзқарасы болғанына байланысты, Трамп Путин тәрізді мықты адамның аңқау табынушысы немесе орыс барлау қызметінің ұзақ уақыт бойы қолданған құралы сияқты көрсетіледі. Мұнда, кейбір қауесет расталған болса, Трамп әкімшілігінің жойылуына апаратын әрине бір кіріспе әңгіменің бар екені рас болар. Біз қазір бұрынғы британдық барлау қызметкері жинаған Путин мен Трамптың қатынастары туралы атышулы «құжаттамасының» кейбір негізгі даталары мен ақпараттың тексерілгенін білеміз.

https://prosyn.org/KLWVYUHkk