james160_ NIKLAS HALLE'NAFPGetty Images_boris johnosn Niklas Halle'n/AFP/Getty Images

Ағылшын-американдық консерватизмнің аяқталуы

ПРИНСТОН – Өте ұқсас тәсілдермен және дәл бір уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп пен Брексит (Brexit) трансатлантикалық консерватизмді жойды. Американдық консерватизмнің әрқашан тамыры таяз болғанмен, британдық консервативизм ұзақ және бай зияткерлік дәстүрдің жемісі болып табылады және оның жойылуы одан сайын ақылға сыйымсыз.

Ескі консерватизм радикалды өзгерістерге қарсы болды, бірақ дамудың жаңа кезеңдері мен артықшылықтары қарсаңында бейімделу қажеттілігін мойындады. Ол реформаға кезең-кезеңмен өту тәсілін жақтады және радикалды өзгерістерді бақылау тым қиын деген негізде институттарды жаппай жоюдан бас тартты. Консерваторлар әркез прагматикалық болды және кез келген проблеманы сиқырлы шешу уәделеріне берілмес еді.

Осы дүниетанымға сәйкес, ірі реформалар әлі де жалғасуы мүмкін. Бірақ олар салдарларды бағалау және қажет болған жағдайда процесті кері қайтару мүмкін болатын әдіспен жүргізілуі тиіс. Бұл  инкрементализмді (бірте–бірте іске асыру әдісін) жоққа шығаратын және реформаның кез келген сәтсіздігін біреудің қателігінен емес, ал ол біреудің жеткілікті деңгейде алысқа бара алмауынан деп қарастыратын радикализмге қарсы ұғым.

https://prosyn.org/8DJ5u6rkk